13:43 07 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD439.01
  • EUR474.61
  • RUB5.75
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
166 0 0

Алдын ала мәлімет бойынша, жүк пойызының машинисі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, салдарынан екі вагон аударылған

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Павлодар облысында жүк пойызы электровозбен соқтығысты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп жазды Pavlodarnews.kz.

"Ақсу-1 стансасының теміржол желісінде жүк пойызының машинисі бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кетіп, 20 бос вагонға соқтығысты, олардың екеуі аударылды", - деп хабарлады көліктегі полициясы департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы бір вагон мен электровоз рельстен шығып кетті.

Алматы облысында пойыз автобуспен соқтығысты - видео

Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1-бөлігі – Теміржол көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе қоғамдық жұмысқа тарту немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылып жатыр.

Бұған дейін Ақмола облысында жүк пойызы бір үйір жылқыны қағып кетті. 43 жастағы малшыға 13 555 теңге айыппұл салынды.

Шамалғандағы трагедия

Өткен жылы қыркүйек айының ортасында Алматы-Шамалған аралығындағы реттелетін теміржол өткелінде №43 Алматы-Қостанай пойызы жолаушылар автобусымен соқтығысты.

Апат салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, үш жолаушы (оның ішінде екі бала) ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Қайғылы жағдайдан кейін Алматы облысы әкімінің тапсырмасымен аралықта жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталды.    

Тақырып бойынша

Пойыз апатынан зардап шеккен балалар комада жатыр – дәрігерлер
Жамбыл облысында рельстен шығып кеткен вагондардан ақау табылды
Тоқаев Алматы облысындағы жантүршігерлік апатқа қатысты мәлімдеме жасады
Телефонмен сөйлесіп келе жатқан: жолаушылар автобусы жүк пойызымен соқтығысты
Қазақстан азаматтары Ресейде жантүршігерлік апатқа ұшырады
Қызылорда облысында екі автобус бетпе-бет соқтығысты – 86 адам зардап шеккен
Шамалғандағы апат: министр пойыздың неге тоқтамағанын түсіндірді
Загрузка...

Басты тақырып