Оқиға

Нұр-Сұлтанда теракт жасамақ болған ер адам ұсталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуСотрудники правоохранительных органов во время спецоперации, архивное фото
Сотрудники правоохранительных органов во время спецоперации, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері күдіктіні ұстады, қолдан жасалған жарылғыш құрылғы тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда лаңкестік әрекет жасауды жоспарлаған ер адам ұсталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 25 наурызда арнайы операция өткізген, нәтижесінде деструктивті діни ағымның жетегінде жүрген адам ұсталды.

"Ол "ДАИШ"* халықаралық террористік ұйымының идеологиясын ұстанып, астана аумағында теракт дайындады деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

© Photo : сайт КНБ КазахстанаНұр-Сұлтанда деструктивті діни ағымның жетегінде жүрген адам ұсталды
Нұр-Сұлтанда теракт жасамақ болған ер адам ұсталды - Sputnik Қазақстан
Нұр-Сұлтанда деструктивті діни ағымның жетегінде жүрген адам ұсталды

Тергеу кезінде күдіктіден қолдан жасалған жарылғыш құрылғы тәркіленді. Оған қатысты Қылмыстық кодексінің 24 және 255-баптары (терроризм актісіне дайындалу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"ДАИШ"* - Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған ұйым

Жаңалықтар
0