22:16 26 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.13
  • EUR451.40
  • RUB5.80
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
152 0 0

Сарбаз атыс орнын өз еркімен тастап кеткен, қатардағы жауынгер бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Қашып кеткен қатардағы жауынгер екі күннен кейін Шығыс Қазақстан облысының Знаменск елді мекенінде ұсталды, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық ұланының "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

"Жексенбіде, 5 сәуір күні сағат 17.10 шамасында 5511 әскери бөлімінің жеке құрамы іздеу шаралары барысында қатардағы жауынгер Ж-ны Семейден 60 шақырым жерде орналасқан Знаменск ауылынан тауып, ұстады. Оқиғаның себебі анықталуда. Бұл факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр", - делінгенген ресми хабарламада.

ІІМ Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезінде бөлімді немесе қызмет орнын заңсыз тастап кеткені үшін Қылмыстық кодекстің 441-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Оқи отырыңыз: Қару-жарақ ұрланған әскери бөлімде не болып жатыр

Қатардағы жауынгер бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 3 сәуірінде 5511 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Ж. әскери атыс полигонында қызмет ете жүріп, орналасқан жерін өз еркімен тастап, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Тақырып бойынша

Әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз ұсталды
Челах айтпай отыр: Арқанкергенде қаза тапқан сарбаздың анасы ұлының өлгеніне сенбейді
Әскерден қашқан сарбаз 10 күннен соң табылды
Жамбыл облысында борышын өтеп жүрген сарбаз әскерден қашып кетті
Ақтауда 21 тұтқынға тосқауыл болған сарбаздың ерлігі фильмге арқау болды
Сыбайластары болуы мүмкін: ІІМ қару ұрлаған сарбаз ісіне қатысты ақпарат берді
Кілт сөздер:
Шығыс Қазақстан, сарбаз
Загрузка...

Басты тақырып