Оқиға

Оқ басына тиген - Ақмола облысында сарбаздың денесі табылды

© Sputnik / Тимур БатыршинТоржественное мероприятии в честь Дня защитника отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев
Торжественное мероприятии в честь Дня защитника  отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сарбаз түзету мекемесінде қарауыл болып тұрған жерінде басына оқ тиіп, қайтыс болды. Істі тергеу үшін өңірге арнайы топ жіберілді

АЛМАТЫ, 22 сәуір – Sputnik. Ақмола облысы Степногорск қаласында колонияда күзетте тұрған  сарбаз қаза болды.

"Сағат 07:30 шамасында 3517 (Степногорск) әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Б.А.Рашев қарауылда тұрып, қарудан өз-өзіне оқ атқан. Оқ басына тиіп, сарбаз қайтыс болды", - делінген Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.

Әскери қызметкердің өлімі туралы Ақмола гарнизонындағы әскери прокуратураға хабарланды.

Оқиғаның мән-жайы мен себебі Ұлттық ұланның бас қолбасшысы тағайындаған қызметтік тергеу барысында анықталатын болады. Ол үшін әскери бөлімге "Орталық" өңірлік қолбасшысының басшылығымен арнайы топ жіберілді.

Тағы оқыңыз: Маңғыстауда қолы мен көзінен айырылған сарбаз миллиондаған айыппұл төлеуі мүмкін

Қызметтік тергеудің қорытындысы қосымша хабарланады.

 

Жаңалықтар
0