Оқиға

Алматыда ірі өрт болды - видео

© Photo : ДЧС АлматыПожар в Алматы
Пожар в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрғындар аспанды қою қара түтін басқанын көрген. Кейбірі өрт кезінде жарылысқа ұқсас дыбыс естігенін айтады

АЛМАТЫ, 1 мамыр — Sputnik. Алматы қаласының Жетісу ауданында ірі өрт болды, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тұрғындар аспанды қою қара түтін басқанын көрген. Кейбірі жарылысқа ұқсас дыбыс естігенін айтады. 

"Төтенше жағдай департаментінің құрамы Жетісу ауданындағы Ратушный көшесі, 78 "б" мекенжайына барды", - деді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл жерде жиһаз фабрикасы, материалдар қоймасы мен сұйытылған газ сататын сауда орны болған.

Өрттің газ баллондар қоймасынан шыққаны анықталды. Кейін жақын маңдағы газовозға ауған.

"150 шаршы метр аумақта бірнеше рет газ баллондары жарылған. Жақын маңдағы ішінде сұйытылған газ бар жүз кубтық цистернаның жарылу қаупі мен өрттің өзге құрылыс пен тұрғын үй секторына жайылу қаупі болды", - деді жедел кезекші, азаматтық қорғаныс майоры Денис Ярцев.

Департамент қызметкерлері жарылыс қаупі жойылып, өрт сөндірілгенін хабарлады. Жеке секторға қауіп төніп тұрған жоқ.

Жаңалықтар
0