16:55 02 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD408.61
  • EUR454.09
  • RUB5.86
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1021 0 0

Ленгер өзенінде су деңгейі көтеріліп, арнасынан тасып, салдарынан үйлер мен аулалар су астында қалды

НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр – Sputnik. Түркістан облысы Төле би ауданы Леңгір ауылында үйлерді су басып, газ құбырына зақым келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

ТЖК баспасөз қызметінің ақпаратынша, төтенше жағдай 6 мамыр кешке болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

"Жауын-шашынның мол түсуіне байланысты Ленгер өзенінде су деңгейі көтерілген. Салдарынан өзен арнасынан тасып, екі жекеменшік тұрғын үйді, 25 ауланы су басты. Орташа қысымдағы екі газ құбырына зақым келді, жеке сектордың 83 абоненті газсыз қалды", - деп мәлімдеді ведомстводан.

Подтопление в Ленгере Туркестанской области
© Photo : КЧС МВД РК
Леңгір ауылындағы төтенше жағдай

Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдай департаменті және "Қазселқорғау" күшімен су басқа жаққа бұрылды.

Подтопление в селе Ленгер Туркестанской области
© Photo : КЧС МВД РК
Төтенше жағдай салдарынан екі жекеменшік тұрғын үй мен 25 аула су астында қалды

Сондай-ақ, ұзындығы 57 метр жағаны нығайту жұмыстары жүргізіліп, 350 текше метр су сорылды.

Апатты-құтқару жұмыстарына ТЖ департаменті, Қазселқорғау және жергілікті атқарушы органдардың 126 қызметкері, 31 техникасы және 14 мотопомпа жұмылдырылған.

Тақырып бойынша

Түркістан облысындағы төтенше жағдай: үкіметтік комиссия құрылды
Түркістан облысындағы апат: депутат баспана мәселесін қозғады 
Түркістан облысында 7 ауылды су басу қаупі әлі жоғары – әкім
Түркістан облысында су басқан ауылдардың әрбір тұрғынына 100 мың теңгеден төленеді
Кілт сөздер:
су басу, ауыл, Түркістан облысы
Загрузка...

Басты тақырып