17:22 02 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD408.61
  • EUR454.09
  • RUB5.86
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
160 0 0

Балалар терезеге әлсіз орнатылған маса өткізбейтін торға сүйенемін деп құлап түскен. Қазір үш баланың бірінің жағдайы ауыр деп бағалануда

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Соңғы бір ай ішінде Қызылорда өңірінде үш бала көп қабатты үйдің терезесінен құлап, жарақат алды. Балалардың бірі ауруханада ауыр жағдайда жатса, екеуінің өміріне айтарлықтай қауіп төніп тұрған жоқ.

"Екі жастан бес жасқа дейінгі аралықтағы балалардың құлау себебі, олар терезе үстіне көтеріліп, маса өткізбейтін торға сүйеніп отырған", – делінген баспасөз хабарламасында.

Балалардың дене бітімінің кіші болуы мен құлаған биіктіктің екінші немесе үшінші қабатта орналасуы олардың аман қалуына сеп болған.

"Бір бүлдіршін бетон еденге құлағандықтан қазір ол өте ауыр жағдайда жатыр. Медицина қызметкерлері оның өмірін сақтап қалу үшін барлық шараларды қолдануда", – деді прокуратура өкілдері.

Оқи отырыңыз: Тоғызыншы қабаттан құлап түскен әйел түк болмағандай кете барды – видео

Осыған ұқсас жағдай Қызылорда қаласында орын алды. Үш жастағы бала үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен.

"Ата-анасының қарауынсыз қалған бала биіктен құлап, облыстық балалар ауруханасына жатқызылды", – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Руслан Қайрақбаев.

Қазір сәбидің жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтанда көшеде құлап қалған депутат ашуланып кетті
Бала кәріз құдығына құлап кетті – жантүршігерлік видео қайда түсірілді
Түркістан облысында көз жұмған екі бала туралы ақпарат жарияланды
Кішкентай қыз пойыз астына құлап кетті – видео
"Бала-шағам жейтін тамақ жоқ" дейді": полицейлер карантиндегі жұмысы туралы айтты
Кілт сөздер:
бала, Қызылорда, Байқоңыр, прокуратура
Загрузка...

Басты тақырып