00:40 02 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD408.61
  • EUR454.09
  • RUB5.86
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
205 0 0

Полиция "бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бабы бойынша қылмыстық тергеуді бастады

АЛМАТЫ, 19 мамыр – Sputnik. Алматыда белгілі адвокат және Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі Айман Омарованың көлігі өртеніп кетті. Аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, өрт-техникалық сараптама тағайындалды.

Оқиға 19 мамырда әл-Фараби және Достық даңғылдарының қиылысында болған. Көлікте құқыққорғаушының өзі және туысы отырған. Өрт шыққаннан кейін олар көліктен шықты.

"Жүріп бара жатқанымда тежегіш істен шыға бастады. Көліктен түтін шыққанын көрдік. Мен айқайлай бастадым, содан кейін бірден көлікті тоқтаттым. Осы кезде көлік алдыңғы фара жағынан жана бастады. Біз қашып үлгердік",- деді ол Facebook парақшасындағы тікелей эфирде.

Айман Омарованың айтуынша, көлікті жақында ғана тексеруден, жөндеуден өткізген. Адвокаттың барлық құжаты көліктің ішінде қалды. Омарованың өзімен тек техникалық төлқұжаты ғана болды.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер мен полицейлер автокөліктегі өртті сөндірді. Кейін Алматы полициясы департаментінде осы факті бойынша қылмыстық кодекстің 202-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

"Қылмыстық іс оқиға болған Медеу ауданының полиция басқармасында қаралады", - деп хабарлады Алматы полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Өрт-техникалық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша көліктің жану себебі белгілі болады.

Еске сала кетсек, өткен жылдың маусымында белгісіз біреулер Айман Омарованың жеке үйінің ауласында итін өлтіріп кетті. Ол оқиғаны адвокат өзінің кәсіби қызметімен байланыстырды.

Айман Омарова – адвокат, құқыққорғаушы және ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі. Ол – әйелдер мен балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылыққа байланысты ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша маман. Омарова жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты Жібек Мусина мен Наталья Слекишинаның ісінде қорғаушы болды. Сонымен қатар Қытайдағы этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайдың ісін жеңіп шықты.

2018 жылы Омарова "Өжеттігі үшін" International Women of Courage Awards халықаралық әйелдер сыйлығының иегері атанды. СыйлықтыА ҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп табыстады.

 

Тақырып бойынша

Белгілі адвокат Тоқаевқа маңызды ұсыныс жасады
Танымал адвокат ұшақ апатынан қалай аман қалғанын айтып берді
Шөкеев жұрттың жағасын ұстатқан қылмысқа қатысты пікір білдірді
"Қарызын неге өтемейді?": Сайрагүл Сауытбайдың марапат алғаны Қытай елшісінің ашуына тиді
Сайрагүл Сауытбай отбасымен бірге Қазақстаннан кетті
Кілт сөздер:
Қоғамдық кеңес, өрт, көлік, адвокат, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып