Оқиға

Қостанай облысында 7 жасар бала жұмбақ жағдайда көз жұмды

© PhotoРука ребенка, иллюстративное фото
Рука ребенка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бас сүйегі сынған бала ауруханаға жеткізілген кезде есінен танып жатты. Бір тәуліктен кейін бала қайтыс болды

АЛМАТЫ, 20 мамыр – Sputnik. Жеті жасар бала үйдің ауласында алған жарақатынан қайтыс болды. Оқиға Қостанай облысы Амангелді ауылында болды.

17 мамырда бала облыстық балалар ауруханасына бас сүйек-ми жарақатымен жеткізілді, деп хабарлады аймақтағы "Алау" басылымы.

"Басс үйек-мидың ауыр жарақаты анықталды. Бас сүйек сынған, эпидуральды гематома, кома. Нейрохирургиялық ота жасалды. Өкінішке қарай, баланы құтқару мүмкін болмады. Баланың қалай жарақат алғаны бізге белгісіз", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Планшетке таласқан - Таразда болған трагедияның мән-жайы

Дәрігерлердің мәліметтеріне сәйкес, бала есін жимай, бір тәуліктен соң жансақтау бөлімінде көз жұмды.

 

Жаңалықтар
0