14:59 01 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD411.54
  • EUR458.13
  • RUB5.84
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
161 0 0

Күдіктіден ұрланған терминал мен сол аппараттан шыққан ақшаның бір бөлігі – 200 жүз мың теңге тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Талдықорғанда ер адам ойын-сауық орталықтарының бірінде тұрған төлем терминалын ұрлап кеткен. Қаскөй ішіндегі ақшаның бір бөлігін пайдасына жаратып үлгеріпті.

Талдықорған қаласының Шығыс қалалық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне төлем терминалының ұрланғаны туралы хабар 20 мамыр күні түскен, деп хабарлады Polisia.kz.

"Қылмыстың ізін суытпай Сарқан ауданының 31 жастағы тұрғынын ұстадық. Күдіктіден ұрланған терминал мен сол аппараттан шыққан ақшаның бір бөлігі – 200 жүз мың теңге тәркіленді. Күдікті ұрлық жасағанын толық мойындады. Терминалды жалғыз өзі далаға шығарып, таксиге тиеп алып, жалдамалы пәтеріне алып барған", – дейді қалалық полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсапа.

Қылмыскер такси жүргізушісіне терминалдың өз меншігі екенін және оны басқа жерге жеткізу керек болғанын айтқан.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында қылмыстық топ құрықталды

"Жалдамалы пәтерде қолда бар құралдарын пайдаланып, терминалдың ақша салынған бөлігін сындырған. Ішінен шыққан ақшаның көп бөлігін қажетіне жұмсап үлгеріпті. Қалғанын біз тәркіледік", – деп жалғастырды басқарма басшысы.

Қолға түскен тұрғын 2012 жылы да қарақшылық жасағаны үшін сотты болған екен. ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изолияторына қамауға алынды. Енді ол бүлінген терминалды және одан ұрланған ақшаны өтеуі қажет.

Тақырып бойынша

40 минут ішінде 3 дүкенді тонаған: Қарағандыда әккі ұрылар іздестіріліп жатыр – видео
Ордабасы тұрғыны көшеде келе жатып, ұрланған көлігін танып қойды  
Белгісіз біреулер 13 миллион теңгені ұрлау үшін Нұр-Сұлтан тұрғынын аңдыған
Талдықорғанда екі жігіт аса қауіпті қылмыскерді ұстады
Ақтөбе тұрғыны ерекше тәсілмен ұрлық жасады
Кілт сөздер:
видео, ұрлық, Талдықорған
Загрузка...

Басты тақырып