Оқиға

Қарағанды облысында ерлі-зайыпты балконмен бірге құлап кетті - видео

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуВетхое жилье
Ветхое жилье - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зардап шеккен екі адам да аман қалды, ер адам жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға болған үйдің тозығы жеткен

АЛМАТЫ, 2 маусым – Sputnik. Балқаш қаласының маңындағы Шашубай ауылында үйдің балконы екі адаммен бірге құлап кетті, деп хабарлады "КТК" телеарнасы.

Төтенше жағдай болған үйдің тозығы жеткен. Ерлі-зайыпты бір уақытта балконға шыққан. Балкон екі адамның салмағын көтере алмады.

Салдарынан 46 жастағы ер адамның миы шайқалып, көкірек қуысы соғылды, бауыры жарылды. Оның 36 жастағы әйелінің көкірек қуысы зақымданып, шынтақ сүйегі сынып, беті жараланды.

Төтенше жағдай әзірге жазатайым оқиға деп бағаланып отыр.

Жаңалықтар
0