Оқиға

Қостанайда сотталған ер адам колониядан қашып кетті

© AFP 2024 / JAY DIRECTOТүрме күзетшісі, архивтегі сурет
Түрме күзетшісі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адамның қоныс колониясынан осыдан төрт күн бұрын қашып кеткені белгілі болды, ол ұрлық жасағаны үшін сотталған

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Қостанайда сотталған ер адам 4 маусымда қоныс колониясынан қашып кетті, қазір оны полицейлер іздеп жатыр.

Қостанай облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, Нұрсұлтан Сариманов бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қоныс колониясында жазасын өтеп жүр.

Сотталушы 4 маусымда қашып кеткен, деп хабарлайды өңірлік "Алау" басылымы қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.

© Photo : ДУИС Костанайской областиҚоныс колониясында жазасын өтеп жүрген Нұрсұлтан Сариманов
Қостанайда сотталған ер адам колониядан қашып кетті - Sputnik Қазақстан
Қоныс колониясында жазасын өтеп жүрген Нұрсұлтан Сариманов

Бұл факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Қостанай ІІБ полиция бөлімі, сондай-ақ, тергеу бөлімі Қылмыстық кодекстің 427-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Полиция жедел іздеу шараларын жүргізіп жатыр.

Полицейлер Саримановты көрген-білген адамдардан мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрады: 8-7142-21-01-06, 8-701-190-72-38, 8-708-257-67-15 немесе 102.

Жаңалықтар
0