Оқиға

Үш кішкентай бала үйде жалғыз қалған: Көкшетауда қайғылы оқиға болды

© Photo : ДЧС Акмолинской областиПожар в Кокшетау
Пожар в Кокшетау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Апалы-сіңлілі үш қыз 21 жастағы әпкесімен үйде қалған, бірақ қайғылы оқиға болғанда бойжеткен дүкенге шығып кеткен екен

КӨКШЕТАУ, 14 маусым — Sputnik. Көкшетауда ерлі-зайыпты қазаға көңіл айтуға жол жүріп кеткенде, үйде өрт шығып, қайғылы оқиға болды. Бір бала көз жұмып, екеуі өте ауыр хәлде ауруханада жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ақмола облысы төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бес қабатты тұрғын үйдегі пәтер өртенген. Отыз бес тұрғын өздері сыртқа шыққан, олар отқа оранған пәтерден екі баланы құтқарады.

"Үшінші баланы өрт сөндірушілер алып шықты. Балалар қатты зардап шекті. Ата-анасы қазаға көңіл айтуға кеткен екен, олар үйде үлкен әпкесімен қалған. 21 жастағы қыз дүкенге азық-түлік алуға кеткенде өрт тұтанған", - деді департаменттің баспасөз қызметі.

Өрттің аумағы – тоғыз шаршы метр, себебі қазір анықталып жатыр.

Балалар бірден ауруханаға жеткізілген. Отбасының кенжесі – бес жасар қыз ауруханада көз жұмды.

"Бес жасар бала клиникалық өлім жағдайында түсті. Оның жүрегі соқпай, тыныс алуы тоқтаған. Денесінің тоқсан пайыздан астамын күйік шалған, аяқ-қолы қарайып кеткен. Барлық реанимациялық шараларға қарамастан бүлдіршін көз жұмды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Дәрігерлер 7 және 10 жасар екі қыздың жағдайына байланысты да жақсы хабар айта алмаймыз деп отыр. Олардың денесін де 80-90% күйік шалған.

"Қыздардың хәлі өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұр. Балалар қарқынды терапия бөлімшесінде жатыр, олар жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деді денсаулық сақтау басқармасындағылар.

© Photo : ДЧС Акмолинской областиКөкшетауда өрт шығып, бір бала көз жұмды, екеуі ауруханада ауыр хәлде жатыр
Үш кішкентай бала үйде жалғыз қалған: Көкшетауда қайғылы оқиға болды - Sputnik Қазақстан
Көкшетауда өрт шығып, бір бала көз жұмды, екеуі ауруханада ауыр хәлде жатыр
Жаңалықтар
0