18:22 12 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.99
  • EUR492.68
  • RUB5.74
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
749 0 0

15 маусым күні үш ересек және 22 оқушы тау бөктеріне демалуға шыққан, қайтар жолда үш бала адасып кетті

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Түркістан облысында тауда үш оқушы жоғалып кетті, біреуі жардан құлап көз жұмды. Қалған екеуін құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Түркістан облысы Төле би ауданы Біркөлік ауылынан 5 шақырым жердегі "Біркөлік" демалыс аймағында болды.

15 маусым күндіз үш ересек және 22 оқушы тау бөктеріне демалуға шыққан. Қайтар жолда үш оқушы адасып кетті.

В Туркестанской области спасатели организовали операцию по спуску с гор заблудившихся детей
© Photo : Пресс-служба комитета по чрезвычайным ситуациям
Түркістан облысында құтқарушылар тауда адасып кеткен оқушыларды іздеуге жұмылдырылды

Түнгі сағат 22:48-де таудан түскен соң, тәрбиеші бірден "112" нөміріне хабарласқан. Көп ұзамай, он екі минуттан кейін, іздеу-құтқару жұмыстары басталды.

"16 маусым күні сағат 00:58-де Шымкенттің жедел-құтқару жасағының іздестіру тобы жардан құлаған 2003 жылғы жасөспірімнің денесін тапты. Мәйітті жерге түсіріп, полицияға тапсырды",- деп мәлімдеді төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен.

Тағы оқыңыз: Жол апаты кезінде терезеден ұшып кеткен баланы куәгер құтқарып қалды – видео

Құтқарушылар тауда адасқан екі оқушыны да тапты. Олармен телефон арқылы байланысқа шыққан.

"Алайда құтқару жұмысы жартасты жерлердің болуына байланысты қиындап отыр", - деді комитеттен.

Құтқару жұмыстарына Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы, Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті,  жедел жәрдем бригадасы, полиция бөлімі, барлығы 23 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды.

Тақырып бойынша

Түні бойы іздеген: Солтүстік Қазақстанда боранда жасөспірім адасып кетті
Алматылық оқушы Бурабайда орманда адасып кетті
ОҚО тауларында қыз бен жігіт адасып кеткен
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, оқушылар, тау
Загрузка...

Басты тақырып