Өңірлер

Шымкентте белгісіз біреу 5 және 8 жастағы қыздарды зорламақ болды

© Sputnik / Анастасия КуприяноваПлюшевая игрушка на детской площадке, архивное фото
Плюшевая игрушка на детской площадке, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
32 жастағы күдікті қыздардың үлкендердің бақылауынсыз жүргенін пайдаланып, алдап-сулап, таса жерге алып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Шымкентте кәмелетке толмаған екі қызға сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасады деген күдікпен ер адам ұсталды.

11 маусымда полицияға белгісіз біреу 5 және 8 жастағы қыздарды зорламақ болғаны туралы ақпарат түскен. Сол күні қылмысты ашу үшін Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлерінен арнайы жедел тергеу тобы құрылды.

Оқи отырыңыз: Таразда оқушы қызды дәретханада зорлаған педофилге сот үкімі шықты

Полиция қызметкерлері педофилдің жүрген жерін анықтау мақсатында қылмыс болған аудандағы тұрғын үйлерді тексерді, деп хабарлады Polisia.kz.

Жедел әрекеттің, сондай-ақ азаматтардың көмегінің арқасында күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ол 1988 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Бұрын сотталмаған, жұмыссыз, үйленбеген.

Ұсталған адам өз қылмысын мойындады. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Айта кету керек, екі оқиға бір күні, әртүрлі жерде және әртүрлі уақытта болған. Күдікті қыздардың үлкендердің бақылауынсыз жүргенін пайдаланып, алдап-сулап, таса жерге алып кеткен.  

Жаңалықтар
0