08:49 13 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.90
  • EUR492.88
  • RUB5.73
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1030 0 0

Ер адам өзенге құлаған қызды құтқармақ болған. Алайда өзі суға батып кетті. Жыл басынан бері Ақмола облысында мұндай жеті қайғылы жағдай болды, 20 адам құтқарылды

КӨКШЕТАУ, 22 маусым – Sputnik. Ер адам Нұра өзенінде суға батып бара жатқан қызды құтқарды, алайда өзі ажал құшты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Елорданың 9 тұрғыны 20 маусым, сенбі күні Целиноград ауданындағы Оразақ ауылына демалысқа барған. Олар кешкі сағат сегіз кезінде Нұра өзенінің жағасына барып, тамақ дайындап, демалған. 

"Таңғы сағат бес шамасында бір қыздың аяғы тайып кетіп, жартастан өзенге құлаған. Екі жігіт бірден суға секірді. Қыз аман қалды. Бірақ 29 жастағы астаналық құтқару кезінде суға батып кетті", - деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Манарбек Шапағатов.

Құтқарушылар бұл жер шомылуға арналмағанын атап өтті. Ауылға кіреберісте суға түсуге болмайтыны жазылған белгілер орнатылған.

Жыл басынан бері Ақмола облысында 7 адам суға батып кетті, 20 адам құтқарылды.

 

Тақырып бойынша

"Қазақстандықтардан басқа ешкім жоқ": Түркия шекараны ашты
Қарағанды облысында шомылып жүрген үш қыз суға батып кетті
Шығыс Қазақстанда имам екі ұлымен бірге суға батып кетті
Елордалық жігіт Ақмола облысында суға батып кетті
Арал теңізінде екі балықшы батып кетті
Кілт сөздер:
Көкшетау, ажал, трагедия, демалыс
Загрузка...

Басты тақырып