Қоғам

Нұр-Сұлтанда әйел мас күйде көлік айдап, үш қызды қағып кетті – фото

© Sputnik / Владислав ВодневДома, закрытые на карантин по улице Абылайхана
Дома, закрытые на карантин по улице Абылайхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Куәгерлер үш қызды көлік астынан шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Ал көлікті 1986 туған әйел мас күйде жүргізген

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында 34 жастағы әйел көлігімен үш адамды қағып кетті. Полицейлердің айтуынша, жүргізуші көлікті мас күйінде тізгіндеген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Біз екі жасар баланы көлік астынан шығарып алдық. Олардың бәрі бір отбасының балалары. Балалар аулада жүргенде, анасы үйінде болған. Кейіннен оқиға орнына жетті", - дейді куәгер.

Куәгерлердің айтуынша, апалы-сіңлілі бойжеткен екі қыздың жағдайы ауыр. Жедел жәрдем қызметі келгенге дейін зардап шегушілерге жақын жерде тұратын дәрігер алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

© Photo : очевидецҚошығұлұлы көшесінің бойында болған жол апаты
Нұр-Сұлтанда әйел мас күйде көлік айдап, үш қызды қағып кетті – фото - Sputnik Қазақстан
Қошығұлұлы көшесінің бойында болған жол апаты

Ал полиция бөлімі балалардың аман екенін мәлімдеді.

"Сағат 21:03-те 1986 жылы туған әйелдің басқаруындағы Mazda көлігі Қошығұлұлы көшесімен Бейсеков көшесі жағынан келе жатып жолдың қарсы бағытына шығып, жаяу жүргіншілер жолағында 2001, 2002 және 2018 жылы туған үш қызды қағып кетті. Зардап шеккендер түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Полиция дерегінше, қазіргі кезде орташа деңгейде мас болған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 345-бабы (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша іс қозғалды.

Оқи отырыңыз: Павлодарда мас күйде көлік жүргізген әйелдің төрт баласын алып қойды

Кінәлі екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0