08:30 13 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.90
  • EUR492.88
  • RUB5.73
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
970 0 0

Қыз бір апта бойы жансақтау бөлімінде жатқан. Оның коронавирус инфекциясын жұқтырып-жұқтырмағаны белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының 25 жастағы тұрғыны пневмониядан көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаланың денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

1995 жылы туған қыз жедел жәрдеммен 1-ші қалалық ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген.

"Ауруханаға түскен кезде ауа жетпей, дене қызуы көтерілген, өзін әлсіз сезінді", - деді денсаулық сақтау басқармасы.

Пациентте ауыр дәрежедегі екіжақты полисегментарлы пневмония болды.

Дәрігерлер қанша тырысқанмен, науқас 25 маусымда қайтыс болды.

Оның ақзасында коронавирус болып-болмағаны белгісіз. Сынама қорытындысы әлі шыққан жоқ.

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустан 7 науқас көз жұмды
Атырау облысында демалыс күндері карантин күшейтіледі
Елорда әкімдігі қоғамдық көліктің тоқтатылу себебін хабарлады
Шекара қашан ашылады – ҰҚК жауап берді
Шетелде емделетіндер шекарада қандай құжат көрсетеді
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан
Загрузка...

Басты тақырып