13:04 08 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.19
  • EUR461.24
  • RUB5.67
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
118210

Тілсіз жауды ауыздықтауға Шу станциясындағы өрт сөндіру пойызы жұмылдырылып, 42 адам оқиға орнынан эвакуацияланды

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Жамбыл облысының Шу ауданындағы Шоқпар станциясында түнгі сағат екі шамасында Алматы – Ақтоғай жүк пойызының екі вагоны рельстен шығып кеткен.

Оның бірі – платформа үстіне қойылған контейнер болса, екіншісі – жанармай құйылған 60 тонналық цистерна.

"Құлаған цистернадағы жанармайдың жартысы төгіліп, 600 шаршы метр аумақта өрт шықты. 75 метр шойын жолға зақым келді", - делінген төтенше жағдайлар жөніндегі комитет хабарламасында.

Өрт салдарынан Шу, Алайғыр және Еспе теміржол станциясында 10 жолаушы пойызы тоқтатылды.

"Қазақстан темір жолы" компаниясының құрылымдық күштерінің көмегімен 10 жеке тұрғын үй секторының 42 тұрғыны эвакуацияланып, олар Шокпар ауылындағы туыстарының үйіне орналастырылды.

Оқи отырыңыз: Селфи жасаймын деп ауруханаға түсті: Шу қаласында болған оқиғаның мән-жайы

Шу станциясындағы өрт сөндіру пойызы тілсіз жауды ауыздықтауға жұмылдырылып, өрт таңғы алтыда толық сөндірілді.

Тақырып бойынша

Астананың мерейтойы құрметіне Цырульников вагон тіркелген тепловозды сүйретті
Қазақстан алты жыл ішінде 600 жаңа вагон сатып алуды жоспарлап отыр 
Жолаушылар пойызында коронавирус "табылды": вагон қоршауға алынды
Алматыда жол апаты кезінде темір қоршау жүргізушінің қолын жұлып кетті
Қостанай облысында 23 вагон рельстен шығып кетті: оқиғаның мән-жайы
Кілт сөздер:
апат, Жамбыл облысы
Загрузка...

Басты тақырып