Оқиға

Парацетамол ұрлаған: Атырауда дәріхана тоналды

© SputnikМедикаменты. Архивное фото - рекадр
Медикаменты. Архивное фото - рекадр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәріхана есігін бұзып кірген белгісіз адам дәрілер мен қоса ноутбук пен памперсті қолды еткен

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Атырауда дәрі таба алмай әбден ашынса керек, әлдебіреулер орталық көшелердің бойындағы дәріханаларды тонай бастады, деп хабарлайды КТК арнасы.
Дәріхана есігін бұзып кіргендер қазір ел таппай сандалып іздеп жүрген аспирин, парацетамол және балаларға қажет жөргектерді ұрлап кеткен.

Ұры алысқа ұзамай ұсталыпты. Дегенмен тәртіп сақшылары оның әрекетін амалдың жоқтығынан емес, "кәнігі ұрының қанға сіңген қасиеті" деп отыр.

Дәріхананың ішіне кірген белгісіз адам дәрілермен қоса ноутбук пен памперстерді қолды еткен. Полиция қызметкерерлері 1994 жылғы туған азаматты анықтап, құрықтады.

"Одан айғақ заттар табылып, барлығы тәркіленді. Тексеру кезінде ол азаматтың бұдан бұрын бірнеше рет өзгенің мүлкін ұрлағаны анықталды. Қазір ол қамауға алынды", – дейді Атырау облыстық полиция департаменітнің баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова.

Оқи отырыңыз: Парацетамолды күніне неше рет ішуге болады – денсаулық министрлігі кеңес берді

Жаңалықтар
0