16:53 11 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.31
  • EUR491.93
  • RUB5.68
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
4781 0 0

Қазіргі кезде абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Алматы облысында бензин тасымалдап жүрген жүк көлігі алдымен патрульдік полиция көлігіне, одан кейін тағы екі көлікке соғылып, жол жиегіне аударылып, жарылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жантүршілігерлік жол апатының видеосы пабликтердің бірінде жарияланды. Оны "Рено" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі түсіріп алған.

"18 шілде кешкі сағат 20:00-де "ЗИЛ" маркалы көлік алдымен "Мазданы" содан кейін менің көлігімді қағып өтті. Мен жол жиегіне бұрып үлгердім. Жедел жәрдем шақырдық",– дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Полицейлер жол апатының болғанын растады. Қайғылы оқиға "Алматы–Өскемен" автожолының 548 шақырымында болып, салдарынан бір адам көз жұмған.

"ЗИЛ" маркалы газ тасымалдайтын жүк көлігін басқарған 1982 жылғы ер адам рульді басқара алмай, жолай келе жатқан "Пежо-307" автомашинасымен соқтығысқан. Содан соң инерциямен қарсы бағытта келе жатқан "Мазда-626" жеңіл көлігін жаншып өтіп, "Рено" маркалы жүк көлігінің алдыңғы сол жақ бұрышын жанай соғып жол жиегіне аударылған. Бірнеше минуттан кейін жарылып, толығымен отқа оранған",– дейді полицейлер.

Жол-көлік оқиғасы кезінде 1972 жылы туған "Мазда-626" көлігінің жүргізушісі ауыр дене жарақаты салдарынан көз жұмды. Ал патрульдік экипаждың қызметкерлері  жарылысқа бірнеше секунд қалғанда "ЗИЛ-дің" жүргізушісін кабинадан алып шықты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Полицейлер жедел жәрдем келгенше зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жол-көлік оқиғасы болған жерді қоршап, басқа көліктердің өтуін қамтамасыз еткен.

"Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлімі – "абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", – делінген ресми хабарламада.

Оқи отырыңыз: Жол апаты кезінде терезеден ұшып кеткен баланы куәгер құтқарып қалды – видео

Тақырып бойынша

Алматыда карантин енгізілгеннен кейін жол апаты азайды
Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты төрт адамның өмірін қиды
 Сау-тамтығы қалмаған: Қалбатау-Көкпекті жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Нұр-Сұлтанда жол апаты болды - 13 адам ауруханаға жеткізілді
Алматыда жаппай жол апаты болды
Кілт сөздер:
Алматы облысы, жол апаты
Загрузка...

Басты тақырып