16:16 11 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.31
  • EUR491.93
  • RUB5.68
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
189101

Қазіргі кезде Түркістан облысының полицейлері бұзақылық жайты бойынша тергеу амалдарын жүргізуде

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Түркістан облысындағы Шорнақ ауылы тұрғындарның арасында туындаған жанжалға байланысты құқық қорғау органдары арнайы түсініктеме берді, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция департаменті дерекке сүйенсек, оқиға Шорнақ ауылында тұрғындар арасындағы қақтығыс 21 шілде күні болған.

"21.07.2020 жылы түнгі сағат 01:00 шамасында Кентау қалалық полициясының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан, өзін және туыстарын  ауылдастары ұрып-соққандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына шұғыл облыстық құзырлы орган жетекшілері бастаған жедел-тергеу тобы барды", - делінген хабарламада.

Полицейлер жүргізген жедел-тергеу іс-шарасы нәтижесінде ауыл көшелерінің бірінде ер адам мен ауылдасының арасында түсінбеушілік орын алған. Арада біраз уақыт өткен соң, жәбірленушінің үйіне бірнеше автокөлікпен белгісіз адамдар келіп, оның үйі мен көршілерінің ауласына қарай тас лақтырып, содан белгісіз бағытқа жасырынған.

Осы оқиға салдарынан жәбірленушінің 3 туысы жарақат алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Оқиға орнына бірінші болып жеткен Кентау ҚПБ-нің учаскелік инспекторы да жарақат алған.

Айта кетейік, жарақат алған полицейдің қатысуымен түсірілген видео әлеуметтік желілерде кеңінен таралды. Тәртіп сақшысының бетінде және киімінде қанның іздері көрінеді.

"Ол жанжалды тоқтату үшін шаралар қабылдады. Полиция қызметкері күш қолдану мен атыс қаруын қолдануға мүмкіндік бермеді. Учаскелік инспектор мен жарақат алған тұрғындарға медициналық көмек көрсетілді", - деп толықтырады Түркістан облысының полиция басқармасынан.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде жол бойында адамдар мен көліктердің көптігі туралы видеолар пайда болды. Жазба авторлары видео Шорнақ ауылында түсірілгендігін айтады.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында бір топ адам шырт ұйқыда жатқан тұрғындардың зәресін ұшырды

Полицейлер қақтығыстан кейінгі күні ауылға арандатушылар жиналып, жақын маңдағы ауыл тұрғындарын заңсыз әрекеттер жасауға үгіттегенін әшкерелеген.

"Бұл фактіні полиция дереу тоқтатты. Қазіргі уақытта ауылдағы жағдай тұрақты. Әкімдік өкілдері мен облыс жұртшылығы ауыл тұрғындарымен кездесті. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында төрт азамат анықталып, сот екі күдіктіні қамауға алуға санкция берді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары тексерілуде. Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деп хабарлайды облыстық полиция басқармасы.

Тақырып бойынша

Ақтаудағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды
Түнде Алматыда болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалды
Министрлік Қордайдағы жаппай төбелес қалай басталғанын айтып берді
Оралда жаппай төбелес болды – видео
Шымкентте жаппай төбелес кезінде ауыр жарақат алған жігіт қайтыс болды
Кілт сөздер:
жанжал, Түркістан облысы
Загрузка...

Басты тақырып