18:29 12 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.99
  • EUR492.68
  • RUB5.74
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
392 0 0

Алпыс бір жастағы ер адамды құтқаруға күші жетпеген әйел полиция қызметіне қоңырау шалып, көмекке шақырған

АЛМАТЫ, 29 шілде – Sputnik. Арқалық полициясы бесінші қабаттың балконынан құлап кете жаздаған ер адамды құтқарып қалды. Бұл жайында Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады өңірлік Alau.kz басылымы.

25 шілдеде Арқалық қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне 5-қабаттағы балконның ернеуінде тұрған ер адамның көмек сұрап жатқаны туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына полиция аға сержанты Дүйсембай Сәбитбеков, кіші лейтенант Мұрат Жамәлиев, полиция кіші лейтенанты Асхат Қайындинов шұғыл жетті. Аталған мекенжай бойынша тәртіп сақшылары бесінші қабаттың балконында қауіпті жағдайда тұрған ер адамды үйдің ішіне қарай тартып алды", – делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайын тексеру барысында полиция 61 жастағы ер адамның балконға шығып, аяқ астынан ауырып, бесінші қабаттан құлап кете жаздағанын анықтады. 

"Ол балкон таянышынан ұстап үлгерген. Пәтерде оның жары мен кішкентай немересі болған. Ер адамды құтқаруға әйелдің күші жетпеген соң, ол полицияға қоңырау шалып, көмек сұрады", – делінген ақпаратта.

Оқи отырыңыз: "Жақындама, әйтпесе секіремін" Семейде студент қала тұрғынын аман алып қалды

Ал кіші лейтенант Мұрат Жамәлиев жағдайды жедел бағамдап, шұғыл шешім қабылдағанын айтады.

"Бізге санаулы минут қажет болды. Ең бастысы ол таяныштан ұстап үлгерген екен. Оның соған ғана күші жеткен. Мұндай сәтте ойланбастан көмек көрсетуге ұмтыласың", – дейді полицей.

Айта кетейік, 24 шілдеде Атырауда әйел бес жасар баланы алып көпірден секірмек болды. Оның бұл әрекетіне Ұлттық ұлан сарбаздары тосқауыл болды.

Тақырып бойынша

Тірідей жанып кетер еді: 72 жастағы қария мүгедек әйелін өлімнен құтқарды
Әйелінің хаты оқтан құтқарды - әнші атасының майдандағы оқиғасын еске алды
Ақтөбе облысында ер адам өртеніп жатқан үйден жеті адамды құтқарды
Алматы тұрғыны екі адамды құтқарды - оқиға орнында түсірілген видео
Талдықорғанда суға батқан көлік жүргізушісін оқиға куәгері құтқарды
Кілт сөздер:
құтқару, балкон
Загрузка...

Басты тақырып