Өңірлер

Қарағанды ​​облысында бір жасар сәби жедел жәрдем көлігінде көз жұмды

CC0 / Myshanah / Ребенок тянется за соской, иллюстративное фото
Ребенок тянется за соской, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер ойнап жүрген бір жасар баланы 31 жастағы ер адам Mitsubishi PaJero көлігімен басып кеткенін анықтады  

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Қарағанды ​​облысында жүргізуші артқа жүріп келе жатып, үйдің ауласында ойнап жүрген бір жасар баланы қағып кетті. Бала жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

Жол апаты 4 тамыз күні түсте Сарышаған стансасында жеке тұрғын үйдің ауласында болды, деп хабарлады Polisia.kz.  

Оқиға орнына жеткен полицейлер 31 жастағы ер адам Mitsubishi PaJero көлігімен артқа жүріп келе жатып, ойнап жүрген бір жасар баланы басып кеткенін анықтады.

Оқи отырыңыз: Жүк көлігі самокат мінген жігітті басып кете жаздады – видео

Жол апаты салдарынан бала әртүрлі дәрежеде жарақаттар алып, Приозерск ауруханасына барар жолда жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

Апатқа кінәлі баланың туысы болып шықты. Қаншалықты жақын туысы екені хабарланбады.

Жүргізушіге қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі "Абайсызда кісі өліміне әкелген жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл бап бойынша кінәлілер бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Жаңалықтар
0