Оқиға

Алматы тұрғыны үйіне келген полицейді оқ атып қарсы алды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуВыстрел из ружья, архивное фото
Выстрел из ружья, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәртіп сақшылары тұтқындалған күдіктінің қылмыс жасаған кезде есірткіге әбден масайып алғанын анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Алматы қаласының 37 жастағы тұрғыны көмекке келген учаскелік полицейге оқ атты. Бірақ тәртіп сақшысы тығылып үлгерді.

"Кезекші бөлімге бір әйел хабарласып, отбасылық жанжалдан кейін күйеуінің өз-өзіне қол салғысы келетінін айтқан. Содан ол үйге жергілікті учаскелік инспектор Фархат Режапов бірінші болып барды", – дейді алматылық полицейлер.

Аға лейтенант үйдің ауласына кіргенде оқтың атылғанын естіді. Сөйтсе, кезекші бөлімге хабарласқан әйелдің күйеуі терезеден мылтығын шығарып, оқ атып жатыр екен. Тәртіп сақшысы дереу жалтарып үлгерді. Ал оқиға орнына келген арнайы жасақтың сарбаздары тәртіп бұзушыны бірден құрықтады.

"Ол 1983 жылы туған қала тұрғыны болып шықты. Оның өз атына тіркелген аңшы мылтығымен оқ атқаны анықталды. Қылмыс жасаған кезде ол есірткіге әбден масайып алған екен", – деді сақшылар.

Оқи отырыңыз: Көзіне дәл тиген - Алматы облысы полиция бастығының орынбасарына оқ атты

Қазіргі кезде ер адам аудандық полиция басқармасында жауап беріп жатыр.

Жаңалықтар
0