Өңірлер

Маңғыстауда Нигерия азаматы полицейге пара бермек болды

© Photo : pixabay.comПачки долларов
Пачки долларов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шетел азаматы Қазақстанда пара беруге талпынғаны үшін ірі көлемде айыппұл төлеуі немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін  

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Нигерия азаматы Маңғыстау облысында көші-қон полициясының қызметкеріне пара бермек болды.

Ер адам Маңғыстау облысының аумағында еркін жүріп-тұрып, заңсыз қызметпен айналысқысы келген, деп хабарлады Polisia.kz.

Полиция әңгіме қандай заңсыз қызмет жайлы екенін нақтылаған жоқ.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, Маңғыстау облысы полиция департаментінің аға инспекторы Қуат Қанбаев ақшадан бас тартып, өзіндік қауіпсіздік басқармасына пара беру әрекеті туралы хабарлаған.

Шетел азаматы ұсталып, оған қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 367-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нью-Йоркте қазақстандық ұсталды: министрліктің ресми түсініктемесі

Бұл бап параның он еседен жиырма есеге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуды немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Сондай-ақ кінәлінің мүлкі тәркіленіп, өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылуы мүмкін.

Бүгінгі таңда ұсталған адамға ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.   

Жаңалықтар
0