00:20 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
221 0 0

Land Cruiser Prado көлігінің 72 жастағы жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Оның денесінің 90 процентін күйік шалған

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Алматы облысындағы Есік қаласында жанар-жағармай құю бекетінде газ резервуары жарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Наш Иссык 💖 (@nash_issyk)

Ресми мәліметке сәйкес, бүгін сағат 10:15-те Есік қаласындағы "Әлем Ойл" жанар-жағармай құю бекетінде жол апаты болды. Land Cruiser Prado маркалы көлік газ резервуарын соққан. 4 текше метрлік қондырғы бұзылып, ішінен газ шыққан. Артынан жарылыс болды.

Land Cruiser Prado мен Hyundai Tucson маркалы көліктер отқа оранды. Айналадағы құрғақ шөп те жанған. Сағат 10:52-де өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады.

"Land Cruiser Prado көлігінің 72 жастағы жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Оның денесінің 90 процентін күйік шалған, жағдайы ауыр. Ал жанар-жағармай құю бекетінің 30 жастағы операторы кеудесін ауыртып алды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді", - дейді құтқарушылар.

Жанар-жағармай станциясының жанындағы жекеменшік үйлер зақымданған жоқ. 

Тақырып бойынша

Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан екі адам көз жұмды
Атырауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: көлік жүргізуші көз жұмды
Арыстағы жарылыс: қанша адамға 100 мың теңге өтемақы төленді 
Ақсайда тазартқыш ғимаратта жарылыс болып, бөлімше бастығы көз жұмды
Кілт сөздер:
жарылыс, Есік қаласы
Загрузка...

Басты тақырып