Оқиға

"Прокурор мен полицей" әңгімесінің жазбасы жарияланып кетті – тың ақпарат шықты

© Sputnik / Тимур БатыршинПрокурские погоны
Прокурские погоны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2020 жылдың мамыр айында желіде жиырма минуттық әңгіменің жазбасы жарияланып кеткен болатын. Әңгіме прокурор мен полицейдің арасында болғаны айтылған

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз — Sputnik. Маңғыстау облысы прокуратурасының қызметкері шулы жазбадан соң қызметінен босатылды. Алайда қылмыс құрамы болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды "Лада" басылымы.

2020 жылдың мамыр айында желіде жиырма минуттық әңгіменің жазбасы жарияланып кеткен болатын. Әңгіме Маңғыстау облысындағы прокурор мен "полицейдің" арасында болғаны айтылған.

"Полицей" прокуратура қызметкеріне шағымын жеткізді. Ол бір "генерал" өзін жұмыстан шығарғысы келіп жүргенін айтқан. Ал прокуратура қызметкері болса, оны бұл мәселені шешетін адаммен таныстыруға уәде берді. Қызмет ақылы болатынын бірден айтты. 

Бас прокуратураның ішкі тергеу департаменті қызметтік тексеріс жүргізген болатын.

"Тергеу қорытындысы бойынша қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды", - деді Маңғыстау облысының прокуратурасы. 

Қызметтік тексеріс қорытындысына сәйкес,  2020 жылдың 28 шілдесінде Маңғыстау облысы прокуратурасының қызметкері қызметінен босатылды.

Жаңалықтар
0