23:05 22 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD421.58
  • EUR496.83
  • RUB5.53
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
250910

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген сәтте үйдің шатыры толығымен өртеніп, жалын көрші үйге шарпи бастағанын анықтады

АЛМАТЫ, 7 тамыз – Sputnik. Петропавлда жеке үйдегі өрт кезінде ер адам мен оның екі ұлы көз жұмды. Балалар бес және тоғыз жаста болған. Бұл жайында Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"6 тамыздан 7 тамызға қараған түні сағат түнгі екі жарымда Жұмысшы кентінде Щорс көшесі, 24 мекенжайындағы тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде №4 өрт сөндіру бөлімінің екі техникасы және сонымен бірге №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің тағы екі техникасы жіберілді", - деп хабарлады Атығаев.

Мужчина и двое его малолетних сыновей погибли в огне в Петропавловске
© Photo : ДЧС СКО
Петропавлда ер адам екі ұлымен бірге өрт кезінде қайтыс болды

Оқиға орнына бірінші болып барған бөлімше үйдің шатыры толығымен отқа оранғанын анықтады. Бұл өрт шыққаны туралы хабардың кеш жіберілгенін көрсетеді. Өрт әрі қарай көрші үйге тараған.

"Көршілердің айтуынша, үйде үй иесі мен балалары болған. Газ-түтіннен қорғау қызметі сағат 2.51-де 2011 жылы туған баланың денесін, бір минуттан кейін 2015 жылы туған екінші баланың денесін тапты. Сағат 2.55-те 1988 жылы туған үй иесінің денесі табылды. Балалардың анасы үйде болмаған", - деді Атығаев.

Қаза болғандардың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Өрттің және өлімнің себебін жедел-тергеу тобы анықтайды.

Нұр-Сұлтанда моншадан әйел адамның мәйіті табылды

Нұрлан Атығаев отбасының тату-тәтті, берекелі болғанын айтты. Шаңырақ иесі көлік жүргізушісі болып жұмыс істеген, таяуда ғана сапардан оралған.

Айта кетейік, жыл басынан бері өрттен 28 адам қаза болды, өткен жылмен салыстырғанда қаза болғандар саны артып отыр.

Тақырып бойынша

Үш кішкентай бала үйде жалғыз қалған: Көкшетауда қайғылы оқиға болды
Корея тұрғындары ерлік жасаған қазақ жігітін мемлекеттік марапатқа ұсынды
Көкшетауда шырт ұйқыда жатқан 120 адамды құтқарушылар оятты
Атырауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: көлік жүргізуші көз жұмды
Ақмола облысында үйінді астынан үш баланың мәйіті табылды
Кілт сөздер:
өрт, Петропавл
Загрузка...

Басты тақырып