00:28 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
3463 0 0

Жәбірленушінің басы жарақаттанды. Ол №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды, басының төрт жері тігілді

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Алматыда ер адам әуеннің дыбысын ақырындатуды сұраған "Алмалы" тұрғын үй кешені тұрғындарына пневматикалық тапаншадан оқ атты.

Оқиға сегізінші тамызда тұрғын үй кешенінің жанында болды. Ер адам үй жанындағы тұраққа көлігін қойып, музыка қосқан. Даусының қатты болғаны соншалық, үй тұрғындарының көпшілігі ұйқысынан оянды. Олар тыныштық бұзған адамды видеоға түсіре бастаған. Видео Instagram желісінде пабликтердің бірінде жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ZHEST_KZ|21+😱🇰🇿 (@zhest_kazakhstan)

Видеода екі тұрғын ер адамның жанына барып, музыканы ақырындатуын сұрайды. Алайда мас ер адам шабуыл жасаған. Шабуылдаушы қолына тапаншасын алып, қарсыласының басынан бірнеше рет ұрған. Содан кейін арада төбелес шыққан. Алматылықтар тәртіп бұзушыны асфальтқа жатқызып, полиция қызметкерлері келгенше ұстап тұрды.

Жәбірленушінің басы жарақаттанды. Ол №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды, басының төрт жері тігілді.

Тұрғындардың айтуынша, ер адам күн сайын тұрғын үй кешені жанына келіп жанжал шығарады, тұрғындардың мазасын алады.

Алматы полиция департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне аталған факті Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі ("бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелгенін хабарлады. Тергеуді Алатау аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

"Осы қылмысты жасады деген күдікпен 1986 жылы туған азамат Б. ұсталды, одан пневматикалық тапанша тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", - деді Алматы полиция департаменті.

Енді ұсталған адамға бес мың АЕК-ке дейін айыппұл салынады (шамамен 13,9 миллион теңге) немесе бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Тақырып бойынша

Полиция Жамбыл облысында болған жағдайға қатысты түсініктеме берді 
Алматыда төрт қабатты ғимарат әп-сәтте күлге айналды – видео
Ақтөбеде жанармай бекетінде кассир әйел қарулы қарақшыға қарсы тұрды – видео
Қарағанды әкімі желіде шу тудырған жағдайға қатысты түсініктеме берді – видео
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жаңаөзенде ұстау операциясын өткізді – видео
Кілт сөздер:
видео, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып