Оқиға

Нұр-Сұлтанда мас жүргізуші алты көлікпен соқтығысты

© Sputnik / Владислав ВодневПьяный водитель за рулем, иллюстративное фото
Пьяный водитель за рулем, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жыл басынан бері елордада ішімдік ішіп рөлге отырған 356 жүргізуші ұсталды, деп хабарлады полиция департаменті

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Елордада мас жүргізушінің кінәсінен жаппай жол апаты болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 19 тамыз күні сағат 02:30-да Кенесары көшесінде болған.

"Chevrolet Cobalt автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, әр түрлі маркадағы алты автокөлікпен соқтығысқан", - деп хабарлады полиция департаменті.

Аталған факті бойынша анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Заң бұзушының көлігі коммуналдық тұраққа қойылды.

Жалпы, 2020 жылдың басынан бері Нұр-Сұлтан қаласында алкогольдік ішімдік ішкен жүргізушілер 86 ​​жол апатын жасаған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда мас әйел көлігімен үш қызды қағып кетті – фото

Сонымен бірге полицейлер 356 мас жүргізушіні ұстады. Олар жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынды.

Егер сіз мас күйде көлік жүргізу фактісіне куә болсаңыз, мына телефондар арқылы хабарласа аласыз: 102, 71-65-12.

Жаңалықтар
0