Оқиға

Алматыда болған жағдай видеоға түсіп қалды – полиция түсініктемесі

© Sputnik / Вадим Жернов / Медиабанкке өтуКамера видеонаблюдения
Камера видеонаблюдения  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі күдіктінің Өзбекстан азаматы екені анықталды. Біреуі бұған дейін сотталған болып шықты. Үшінші адам іздестіріліп жатыр

АЛМАТЫ, 23 тамыз – Sputnik. Бетіне маска киіп, қаруланған үш ер адам Алматыдағы жанармай бекетін тонады. Қылмыс бейнебақылау камераларына түсіп қалған. 

Polisia.kz хабарлауынша, оқиға 12 тамыз күні таңертең болған. Тәртіп сақшылары жанармай бекетіне қарулы шабуыл жасалғаны туралы хабар алды. 

Олар күдіктілер қызметкерлерге тапанша кезеп, 52 мың теңге ұрлағанын анықтады.

Жедел шаралардың нәтижесінде екі ер адам ұсталды. Олар - Өзбекстан азаматы. Үшінші адам іздестіріліп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде жанармай бекетінде кассир әйел қарулы қарақшыға қарсы тұрғаны хабарланған болатын. Оқиға 30 шілде күні түнгі сағат 03:00 шамасында болған.

Күдікті кассирді пышақпен қорқытып, ақша талап еткен. Дүкен күзетшісі күдіктіге қарсы шықты. Алайда қарақшы күзетшіні итеріп, қашып кетті.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар кешенін өткізіп, қылмыс жасалған ауданда орналасқан бейнебақылау камераларын қарады.

Нәтижесінде 22 жастағы күдікті бір тәулік ішінде анықталып, бірнеше күннен кейін ұсталды. Қылмыс құралы болған пышақ тәркіленді.

Жаңалықтар
0