Оқиға

Халықты 1 млрд теңгеге алдап кеткен әйел Қазақстанға жеткізілді – видео 

© Sputnik / Anar MustafayevДевушка в наручниках, архивное фото
Девушка в наручниках, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Questra World компаниялар тобына қатысты қылмыстық іс бойынша бұған дейін сегіз адам ұсталған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Қазақстандықтарды 1 миллиард теңгеге алдап кеткен алаяқ әйел Беларусь елінде ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлады Polisia.kz сайты. 

Ресми мәліметке сәйкес, Ольга Клейнард - Ресей азаматы. Ол Questra World атты ірі қаржы пирамидаларының бірін ұйымдастырғаны үшін айыпталып отыр. 

"Ольга Клейнард біздің еліміздің аумағында алаяқтық әрекеттерге жетекшілік етті. Соның салдарынан мыңдаған қазақстандық алданып, оларға келген шығынның жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асты", - дейді полицейлер.

Қаржы пирамидасының жетекшісі Беларусь аумағында ұсталды. Кеше оны Минск қаласынан Нұр-Сұлтанға жеткізді. Қазіргі кезде күдікті тергеу изоляторларында отыр.

"Questra World компаниялар тобына қатысты қылмыстық іс бойынша бұған дейін 8 адам ұсталған болатын. Алаяқтар ойдан шығарылған инвестициялық портфель түрлерін сату туралы ақпаратты веб-сайттарға орналастырған. Сөйтіп, азаматтарға инвестициядан жылдық 300% – ке дейін пайда табуға уәде берген", - деп атап көрсетті тәртіп сақшылары. 

Questra World қаржы пирамидасының тағы бірнеше елде жұмыс істегені анықталды.

Жаңалықтар
0