Оқиға

Алматы іргесінде өрт бір жарым гектарға жайылды – видео

© Photo : Отдел по ЧС района имени Габита Мусрепова ДЧС СКОГорящая степь, архивное фото
Горящая степь, архивное фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өртенген аумақ пен тұрғын үйлердің арасы 20 метрді құрады. Жедел шара қабылданып, тілсіз жау тез оқшауланды

АЛМАТЫ, 25 тамыз – Sputnik. Алматыда Төле би көшесі мен Шығыс айналма жолында өрт шықты. Өрт шамамен бір жарым гектарды қамтыды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KrisP Almaty|21+🇰🇿 (@almaty_kris_p)

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 25 тамыз сағат 13:27-де Төлеби көшесі мен Шығыс айналма жолында құрғақ шөптер өртенгені туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер Төле би көшесінен төмен Шығыс айналма жолдың батыс жақ беткейінде құрғақ шөптер жанып жатқанын анықтады. Өрт шамамен1,5 гектар аумақты қамтыды. Қатты соққан жел мен биік өскен шөптерден беткейдің жоғарғы жағында орналасқан жеке тұрғын үйлерге таралу қаупі туындады", – деді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Өртенген аумақ пен тұрғын үйлердің арасы 20 метрді құрады. Жедел шара қабылданып, тілсіз жау тез оқшауланды. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 40 адам мен 9 техника және әкімдіктің бір су тасымалдайтын автокөлігі жұмылдырылды.

Департаменттің хабарлауынша, қазір өрт толықтай сөндірілді. Жекелеген өрт ошақтарына су құю жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Оқи отырыңыз: Алматыда төрт қабатты ғимарат әп-сәтте күлге айналды – видео

Жаңалықтар
0