Оқиға

Түркістан облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды

© Photo : Otyrar.kzДТП в Туркенстанской области, пострадали 17 человек
ДТП в Туркенстанской области, пострадали 17 человек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сайрам ауданының орталық ауруханасына 2 адам ауруханаға жатқызылып, 19 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілген

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Машат ауылынан 4 шақырым жерде ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаменті.

Жол апаты 26 тамызда сағат 05.58-де болды. "Алматы–Ташкент–Термез" республикалық маңызы бар автожолының 650 шақырымында Машат асуының маңында жолаушылар автобусы аударылып кетті.

"Алматы–Сарыағаш" бағытымен келе жатқан Yutong маркалы жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай арыққа құлап, аударылып түскен. Автобус салонында 21 адам болған", – делінген хабарламада.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары мен Түлкібас АІІБ-нің жедел-тергеу тобы және Түркістан облысының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көмекке жұмылдырылды.

Апат салдарынан автобус жүргізушісі мен бір жолаушы ауруханаға жатқызылды. Өзге 19 жолаушыға (оның ішінде аяғы ауыр келіншек та бар) Сайрам мен Түлкібас ауданы және Шымкент қаласындағы ауруханада алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жол апаты болды - 13 адам ауруханаға жеткізілді

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты құзырлы органдар тарапынан тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Жаңалықтар
0