Оқиға

Алматы-Бішкек тасжолында "Көкпар" ұйымдастырған алты адам ұсталды – видео

© Sputnik / Анатолий УстиненкоУлытау
Улытау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желіде Алматы облысындағы Қарасай ауданында болған ат жарыстың видеосы тарады. Отызға жуық салт атты көліктер жүретін тасжолға шығып кетті

АЛМАТЫ, 1 қыркүйек — Sputnik. Алматы облысында Алматы-Бішкек тасжолында 30 шақты адам "Көкпар" ұйымдастырды. Олар бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әлеуметтік желіде Алматы облысындағы Қарасай ауданында болған ат жарыстың видеосы тарады. Отызға жуық салт атты көліктер жүретін тасжолға шығып кетті. Оқиға Алматы - Бішкек жолындағы Бұлақты ауылының маңында болған.

Полицейлер жарыс ұйымдастырушыларын жолдағы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапқа тартты, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Көкпар" ұйымдастырған Бұлақты ауылының алты тұрғыны ұсталды", - деді тәртіп сақшылары.

Олар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігіне сәйкес ("ұсақ бұзақылық") 5 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл төлейді немесе 10 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Жаңалықтар
0