Өңірлер

Ақтауда парашюті ашылмай қалған сарбаз көз жұмды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоВоинские подразделения начали подготовку к боевому параду в Отаре
Воинские подразделения начали подготовку к боевому параду в Отаре - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігерлер жарақат алған сарбаздың өмірі үшін бір айға жуық уақыт күресті, алайда ол 1 қыркүйекте көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Ақтауда парашютпен секіру кезінде жарақат алған әскери қызметкер Мұратжан Жамауов қайтыс болды.

Бұл туралы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазды "Лада" өңірлік басылымы.

"Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін істеді. Алайда науқас 1 қыркүйекте Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Марқұмның отбасына көңіл айтамыз", - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мұратжанның соңғы видеосы:

Парашют толық ашылмады

5 тамызда Ақтауда парашютпен секіру кезінде төтенше жағдай болды. Әскери қызметкер Мұратжан Жамауов парашюттің толық ашылмауы салдарынан жарақат алды.

Қорғаныс министрлігі сарбаз жерден берілген командаға жауап бермегенін және запастағы парашютті қолданбағанын айтты.

Марқұмның анасы Күлжахан Жамауова оқиғаның ресми нұсқасымен келіспейді. Ол әскерилер мегафон пайдаланбағанын, ал парашюттің бір арқан жібі болмағанын мәлімдеді.

Жаңалықтар
0