17:35 21 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1775 0 0

Ішкі істер министрінің орынбасары республика бойынша төтенше жағдайдан қаза болғандар мен зардап шеккендердің жалпы саны азайып жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда жыл басынан бері төтенше жағдайлар салдарынан 246 адам ажал құшты. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Осы жылдың төтенше жағдайлар кезеңінде 246 адам көз жұмды. Олардың өліміне әртүрлі жағдай себеп болған. Былтыр жылу беру маусымы кезеңінде 222 адам мерт болған еді", - деді Ильин онлайн баспасөз мәслихатында.

Ол республика бойынша төтенше жағдайдан қаза болғандар мен зардап шеккендердің жалпы саны азайып жатқанын айтты. Дегенмен, кей өңірлерде – Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында төтенше жағдайлар саны артуда. Олардың дені өртпен байланысты. Мәселен, 2019-2020 жыл аралығында тұрғын үй секторында 5 мың өрт болған. 

Солтүстік Қазақстанда өрттен бір отбасының төрт мүшесі көз жұмды 

Жыл басынан бері 8900 төтенше жағдай тіркелді, оның 8 100-і – өрт.

10 мыңнан астам адамды құтқару жұмыстары жүргізіліп, 12 мыңнан астамы эвакуацияланған. Зардап шеккен 2 700 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Тақырып бойынша

"Қазақфильмдегі" төтенше оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Ақмола облысында үйінді астынан үш баланың мәйіті табылды
"Әйелі үйде болмаған": Петропавл тұрғыны екі баласымен бірге ажал құшты
Ішкі істер министрі алты адамды өрттен құтқарған спортшыны марапаттады
Атырауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: көлік жүргізуші көз жұмды
Кілт сөздер:
өрт, төтенше жағдай
Загрузка...

Басты тақырып