18:57 21 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
111 0 0

Полицейлердің айтуынша, отыз жастағы ауыл тұрғыны алкогольді шамадан тыс ішіп, әкесінің көлігімен жолға шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Павлодар облысында полицейлерден қашқан мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz

Ресми мәліметке сәйкес, 10 қыркүйек күні сағат 17.45-те патрульдік полицейлер Омбы тас жолында Достық кентіне жақын жерде "ВАЗ 2107" көлігін байқаған. Көлік жүргізушісі жоғары жылдамдықпен жүрді. Сонымен қатар, көліктің ирелеңдеп қозғалғаны күдік туғызған.

"Полицейлер көлікті тоқтатуға тырысқанымен, жүргізуші олардың талаптарын елемеді. Керісінше, жылдамдықты арттырып, Павлодар қаласына қарай жүре берген. Полицейлер оны Мичурин ауылының маңында ұстады", – дейді Нұрлан Мәсімов.

Анықталғандай, 30 жастағы ауыл тұрғыны алкогольді тым көп ішіп қойған. Одан кейін әкесінің көлігін алып, жолға шыққан. Ер адамның көлік жүргізу куәлігі болмаған. Тіпті, ондай құжатты алған да емес. 

"Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608 және 612-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ал автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Іс материалдары сотқа жіберілді", – деп атап көрсетті Мәсімов.

Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстанда мас жүргізуші төрт баланы қағып кетті

Айта кетейік, Павлодар облысында жыл басынан бері мас жүргізушілердің қатысуымен 14 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 2 адам қайтыс болып, 19-ы жарақат алды. Тағы 734 жүргізушіні полиция мас күйінде басқарғаны үшін ұстады.

Тақырып бойынша

Петропавлда мас жүргізуші полицейді қағып кетті
Қарағандыда мас күйінде ұсталған жүргізуші бес жылға сотталуы мүмкін
Алматыдағы актриса көз жұмған жол апаты: жүргізуші мас болған
Марқұм полицейдің әйелі мас жүргізуші туралы: ол күйеуіммен бірге істеді  
Нұр-Сұлтанда мас жүргізуші алты көлікпен соқтығысты
Кілт сөздер:
Павлодар облысы, мас жүргізуші
Загрузка...

Басты тақырып