18:51 21 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
253 0 0

Күдікті бұған дейін де сотталған, сот кінәлі деп тапса, ер адам бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында 44 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының полицейлері зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстың жолын кесті.

"Жәбірленушінің анасының арызымен тергеу жүргізіліп жатыр. Шағым 10 қыркүйекте түсті. Полицейлер бұған дейін істі болған Зеренді ауылының 44 жастағы тұрғынын анықтады. Ер адам кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түспек болған", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 123-бабы 2-тармағы "Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бұл бап бойынша 5 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Күдіктіге қатысты "шақырғанда міндетті түрде келу" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Загрузка...

Басты тақырып