18:48 21 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1427 0 0

Күдіктілер Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық әрекеттің өзге де эпизодтарын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек — Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер министрлігі, "А" және "Бүркіт" арнайы бөлімшелерімен бірлесіп арнайы операция өткізді. Рейдерлікпен және қару саудасымен айналысқан "Әлібековтер", "Ибрагимовтер" және "Махмудовтар" ұйымдасқан қылмыстық топтарының заңсыз әрекетінің жолын кесілді.

"11 қыркүйекте Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Қостанай қалаларындағы арнайы операция кезінде бұл топтардың 15 жетекшісі мен белсенді мүшелері ұсталды. Олардың біреуі Ресейде бандитизм мен адам өлтіргені үшін халықаралық іздеуде болатын. Атыс қаруының, оқ-дәрілер мен гранаталардың арсеналы алынды", - деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметінің ақпаратында.

Ұсталғандар Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалып, қолда бар айғақтарды бекіту және қылмыстық әрекеттің өзге де эпизодтарын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

Олар карантин салдарынан қиындыққа тап болған кәсіпкерлерден қорқытып алуды және рейдерлікпен айналысуды жалғастырған. Бөтеннің мүлкін алып қою кезінде атыс қаруы мен күш қолданған.

Арнайы қызметтер мен полицияның қылмыстық топтардың жоспарларын анықтау және оның жолын кесу бойынша жүйелі жұмысы жалғасып жатқаны хабарланды.

Тақырып бойынша

ҰҚК Жамбыл облысында болған жағдай туралы ақпарат таратты
Қазақстанның оңтүстігіндегі қыздарды құлдыққа сатқан қылмыстық топ ұсталды
ҰҚК шекарада ұсталған адам туралы ақпарат жариялады
Арнайы операцияның видеосы: ҰҚК екі қылмыстық топ туралы ақпарат жариялады
ҰҚК шекарада болған жағдайға қатысты түсініктеме берді
Кілт сөздер:
арнайы операция, қылмыстық топ, ҰҚК
Загрузка...

Басты тақырып