Өңірлер

Павлодарда көліктен жігіттің мәйіті табылды

© Sputnik / Табылды КадырбековПистолет
Пистолет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оны өлтірді деген күдікпен 54 жастағы Павлодар тұрғыны ұсталды. Ол он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ПАВЛОДАР, 17 қыркүйек – Sputnik. Павлодар қаласының маңында шетелдік автокөліктің салонынан оқ жарақатын алған жас жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"16 қыркүйек күні кешкі сағат он шамасында Павлодарға жақын маңдағы Жаңа ауыл елді мекенінде, базалардың бірінің аумағында Audi-A6 автокөлігінің салонынан оқ жарақатын алған 27 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Қылмысты жасады деген күдікпен 54 жастағы ер адам ұсталды", - деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Бір үйір жылқыны іздеуге шыққан: Атырау облысында фермер шұңқырдан өлі табылды 

Ұсталған адамнан қару тәркіленді. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Кісі өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ер адам Павлодар қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Жаңалықтар
0