01:51 08 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD437.20
  • EUR475.32
  • RUB5.79
Мәжіліс сайлауының тарихы
© Sputnik /

Осы уақытқа дейін парламент мәжілісіне депутаттар жеті рет сайланды. Соның ішінде бесеуі мерзімінен бұрын өткізілді. Парламенттің төменгі палатасының қалыптасу тарихымен Sputnik Қазақстан инфографикасынан таныса аласыздар

Бүгінгі VI шақырылымдағы мәжіліс өкілеттігінің мерзімі 2021 жылдың 24 наурызына дейін аяқталады. Демек, кезекті сайлау 2021 жылдың 21 қаңтарына дейін өткізілуі тиіс. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттарын сайлау күні партиялық тізім бойынша өтетін сайлаумен сәйкес келмеуі мүмкін.

Әрбір партия кандидаттардың тізімін съезде бекітеді және ол тізімде үміткерлердің орналасу тәртібін өзі көрсетеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының кандидаттарын осы ұйымның кеңесі бекітеді. Ал президенттің қатысуымен өтетін сессияда Ассамблеяның депутаттары сайланады.

Саяси партиялар әрбір кандидат үшін 15 ең төменгі жалақы (2019 жылы 637 500 теңге – Sputnik Қазақстан) мөлшеріндегі жарнаны Орталық сайлау комиссиясының есепшотына аударады.

Соңғы сайлауда 7 проценттік межеден асқан партиялар жарна төлемейді. Ал 3-7 процент дауыс жинаған партиялар жарнаның 50-70 процентін ғана аударады. Саяси ұйым сайлауда тиісті межеден асса, жарна қайтарылады. Ал өтпей қалса, ол ақша республикалық бюджетке түседі.

Сайлаудың қорытындысы 7 күннің ішінде жарияланады. 7 проценттік межеден асқан партиялардың барлық дауысы депутаттық мандаттарға бөлінеді. Осылайша, әрбір партияның квотасы анықталады.

Депутаттық мандаттарды тарату тәртібін партияның өзі анықтайды. Егер партияның басқарушы органы мандаттарды өзі таратпаса, Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімге қарап, мемлекеттік тілдегі алфавит бойынша мандаттарды тарата алады.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Конституцияда көрсетілген мерзімде өтеді деп мәлімдеген еді.

Тақырып бойынша

"Урнаны теуіп сындырды": ІІМ сайлау учаскелеріндегі жағдай туралы айтты
Тоқаев сайлау қорытындысын естігенде қандай сезімде болғанын айтты
"Телефонға түсіріп алдық": бақылаушы сайлау учаскесінде нені көріп таңғалды?
Тоқаев Назарбаеваны сенат спикері етіп қайта сайлауды ұсынды
Кілт сөздер:
депутат, мәжіліс
Загрузка...

  • Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік төлем алудың жаңа схемасы
    Последнее обновление: 20:12 03.04.2020
    20:12 03.04.2020

    Жаңа әлеуметтік төлемді кім алады

    Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде кірісінен айырылған қазақстандықтарға әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жаңа әлеуметтік төлемдерді алатындардың тізімін кеңейтті және оны берудің шарттарын жеңілдетті

    1192
  • Тоқаевтың келгеніне бір жыл - инфографика
    Последнее обновление: 17:57 20.03.2020
    17:57 20.03.2020

    Тоқаевпен өткен 366 күн

    2019 жылдың 19 наурызында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. Ал 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев ел президенті ретінде халыққа ант берді. Оның бір жылда қандай істер тындырғанын біздің инфографикадан көре аласыздар.

    1142
  • ЕАЭО-дағы өндіріс көлемі
    Последнее обновление: 13:36 06.03.2020
    13:36 06.03.2020

    ЕАЭО-дағы өндіріс көлемі

    Жыл қорытындысы бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қайсысы өнеркәсіп өндірісінің көлемін ұлғайтқаны туралы Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқыңыздар

    86
  • Сергек камералары
    Последнее обновление: 12:14 27.02.2020
    12:14 27.02.2020

    Қазақстанда "Сергек" қай жерде бар

    "Сергек" – бейнебақылау, талдау мен болжам жасаудың интеллектуалды жүйесі. Соның көмегімен қаладағы тәртіп бұзушылықтар тіркеледі

    207

Басты тақырып