06:10 09 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.17
  • EUR494.07
  • RUB5.68
Инфографика

Қазақстандықтар 2020 жылы қанша күн демалады?

Қысқа сілтеме алу
4060050
2020 жылғы демалыс және мереке күндерінің күнтізбесі
© Sputnik /

2020 жылы қазақстандықтар 120 күн демалады. Демалыс және мереке күндері туралы Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқи аласыздар

Жаңа жыл мерекесіне орай қазақстандықтар төрт күн демалады - 1-4 қаңтар.

Жексенбі, 5 қаңтарда қазақстандықтар жұмыс істейді. Дүйсенбі де (6 қаңтар) жұмыс күні болып саналады.

Сейсенбі, 7 қаңтарда қазақстандықтар православ христиандарының Рождество мерекесіне орай бір күн демалады.

Ал наурыз айында қазақстандықтар екі мерекені қатар атап өтеді: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы. Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар бұл айда қосымш 8 күн демалады: 7-9, 21-25 наурыз.

1 мамыр күні – Қазақстан халқының бірлігі күні. 2020 жылы бұл мейрам жұмаға тұспа-тұс келгендіктен, ел тұрғындары бірден үш күн демалады (1,2,3 мамыр).

Отан қорғаушы және Жеңіс күніне орай қазақстандықтар төрт күн демалады - 7-10 мамыр.

Сондай-ақ астана күніне орай шілде айында тұрғындар үш күн тынығуға мүмкіндік алады - 4-6 шілде.

30 тамыз – Конституция күнінде де үш күн демалыс беріледі.

Осыдан кейін қазақстандықтар желтоқсан айында ғана кқп күн демалады. 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күнінде тұрғындар бір күн, Тәуелсіздік мерекесінде төрт күн (16-19 желтоқсан) жұмыс істемейді.

Тақырып бойынша

2020 жылы Ораза мен Құрбан айт қашан басталатыны белгілі болды
2019-2020 оқу жылындағы демалыс күнтізбесі
2020 жылғы діни мерекелер күнтізбесі
Кілт сөздер:
мереке күндері, демалыс, күнтізбе
Загрузка...

Басты тақырып