04:09 18 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.51
  • EUR418.91
  • RUB6.13
2020 жылы құжат алу қанша тұрады
© Sputnik /

Қазақстанда құжат алу үшін мемлекеттік баж төлеу керек, ал мемлекеттік баж жыл сайын өзгеретін айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты

2020 жылы айлық есептік көрсеткіш 2 651 теңгеге дейін өсті.

Паспорт пен жеке куәлік алу қанша тұрады

Паспорт алуға мемлекеттік баж салығы – 8 АЕК немесе 21 208 теңге.

Жеке куәлік – 0,2 АЕК немесе 530 теңге.

Жеке куәлікті ауыстыруға уақытылы өтініш бермеген жағдайда айыппұл – 7 АЕК немесе 18 557 теңге.

Әдетте құжаттарды алу мерзімі 15 күнге дейін уақыт алады.

EGov электронды үкіметінің сайты хабарлағандай, қосымша ақы төлеп, құжаттарды жедел алуға болады.

Туу туралы куәлік алу

Қазақстанда туу туралы куәлік баланы тіркеу кезінде тегін беріледі.

Акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру кезінде – 0,5 АЕК немесе 1 325 теңге.

еGov мәліметіне сәйкес, баланың туғанын тіркеу қызметін ұсыну мерзімі – екі жұмыс күні, қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – жеті жұмыс күні.

Қажет болған жағдайда басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу – 30 күнтізбелік күннен аспайды.

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу қанша тұрады

Жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж салығы – 1,25 АЕК немесе 3 314 теңге.

Тақырып бойынша

"Жүргізуші куәлігі үшін 20 мың теңге?" ІІМ жауап берді
2020 жылы жәрдемақы қанша болады
2020 жылы демалыс күндері ауысады
Елімізде 2020 жылы ең төменгі жалақы мөлшері қанша болады
Қазақстанда жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі қашан беріледі
2020 жылға жұлдыз жорамал: тышқан жылы кімдер үшін сәтті болады?
Кілт сөздер:
жүргізуші куәлігі, жеке куәлік, құжат
Загрузка...

  • 2020 жылғы жәрдемақы мөлшері
    Последнее обновление: 19:35 03.01.2020
    19:35 03.01.2020

    2020 жылы жәрдемақы қанша болады

    2020 жылы базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің жаңа мөлшері бекітілді

    2081
  • 2020 жылдағы ай мен күннің тұтылуы
    Последнее обновление: 16:02 29.12.2019
    16:02 29.12.2019

    2020 жылы Күн мен Ай қашан тұтылады

    2020 жылы Жер тұрғындары күн мен айдың алты рет тұтылғанын көре алады.  Төрт рет ай, екі рет күн тұтылады

    752
  • 2020 жылғы демалыс және мереке күндерінің күнтізбесі
    Последнее обновление: 10:38 17.12.2019
    10:38 17.12.2019

    Қазақстандықтар 2020 жылы қанша күн демалады?

    2020 жылы қазақстандықтар 120 күн демалады. Демалыс және мереке күндері туралы Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқи аласыздар

    7333
  • Шексіз білім беру: мектеп оқушыларына арналған онлайн-оқыту
    Последнее обновление: 15:36 13.12.2019
    15:36 13.12.2019

    Шексіз білім беру: мектеп оқушыларына арналған онлайн-оқыту

    Қазіргі уақытта компьютер мен интернет болса, көп жаңашылдықты меңгеруге мүмкіндік мол. Цифрлық технологиялардың арқасында оқушылар әлем танып, жоғары оқу орнына түсуге дайындала алады, цифрлық сауаттылықтың бастапқы ережелерін үйренеді

    63

Басты тақырып