08:17 09 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.17
  • EUR494.07
  • RUB5.68
Инфографика

Пандемия басталғаннан бергі алғашқы кездесу: Минсктегі ЕАЭО премьерлерінің отырысы

Қысқа сілтеме алу
97 0 0
Минсктегі ЕАЭО премьерлерінің отырысы
© Sputnik /

Еуразиялық үкіметаралық кеңес 17 шілдеде Минскте жиналады. Көзбе-көз форматтағы саммит COVID-19 пандемиясы басталғалы алғаш рет өткелі отыр

Отырысқа Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Молдова (ЕАЭО-да бақылаушы мәртебесіне ие) премьер-министрлері қатысады деп күтілуде.

Үкімет басшылары сауда, ішкі нарықтың қызметі, бәсекелестік және өнеркәсіп мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар, күн тәртібінде ЕАЭО елдерінде коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша денсаулық сақтау саласындағы іс-шаралар жоспары бар.

Бұдан бөлек, премьерлер мемлекеттердің Жерді қашықтан зондтау негізінде ғарыш және геоақпараттық қызметтер ұсыну саласындағы ынтымақтастығы бойынша мемлекетаралық бағдарлама жобасын қарастырады.

Тағы оқыңыз: Пандемия ЕАЭО-ның дамуына кедергі келтіруі мүмкін – саясаттанушы

Сондай-ақ, саммитте ЕАЭО агроиндустриясын дамыту және Одақтың индустриализациясы талқыланады.

ЕЭК баспасөз қызметінің ақпаратынша, Одақ елдері премьерлерінің отырысынан бөлек, Беларусьте, республика басшылығымен жұмыс кездесулері өтеді.

Еуразиялық экономикалық одақ 2015 жылы құрылды. Бүгінде оған бес ел мүше: Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан.

Бақылаушы ретінде одақта Молдова бар. Бұдан бөлек, таяу арада ЕАЭО-дағы бақылаушы мәртебесін Өзбекстан алуы тиіс.

2019 жылдағы жағдай бойынша ЕАЭО әлемде калий тыңайтқыштарының өндірісі бойынша бірінші орын, ал мұнай мен газ өндіру бойынша екінші орын алады.

Кілт сөздер:
індет, ЕАЭО
Загрузка...

  • 42500 теңге: маңызды сұрақтардың жауабы
    Последнее обновление: 14:30 04.08.2020
    14:30 04.08.2020

    42500 теңге: маңызды сұрақтардың жауабы

    42500 теңге бір реттік төлемді кімдер алады, жұмыс істейтін мүгедек азаматтарға, декреттегі әйелдерге, студенттерге беріле ме - осы және басқа да маңызды сұрақтардың жауабын біздің инфографикадан таба аласыздар.

    193
  • Олимпиада-1980: медаль иеленген қазақстандықтар
    Последнее обновление: 13:51 21.07.2020
    13:51 21.07.2020

    Олимпиада-1980: медаль иеленген қазақстандықтар

    1980 жылы өткен Олимпиада ойындарында КСРО құрамында өнер көрсеткен қазақстандықтар қанша медаль жеңіп алғанын Sputnik Қазақстан инфографикасынан біле аласыздар

    463
  • Коронавирусты үйде қалай емдеу керек
    Последнее обновление: 18:40 03.07.2020
    18:40 03.07.2020

    Коронавирусты үйде қалай емдеу керек

    Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирус белгілері пайда болса, не істеу керектігін айтты

    741
  • Қазақстанда карантин: мемлекеттік шекараны кімдер кесіп өте алады
    Последнее обновление: 11:34 18.06.2020
    11:34 18.06.2020

    Мемлекеттік шекараны кімдер кесіп өте алады

    Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда алынғанмен, елде карантин аяқталған жоқ. Халықаралық әуе, теміржол және автокөлік қатынасы ашылмады

    517

Басты тақырып