08:07 22 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD421.58
  • EUR496.83
  • RUB5.53
Минсктегі ЕАЭО премьерлерінің отырысы
© Sputnik /

Еуразиялық үкіметаралық кеңес 17 шілдеде Минскте жиналады. Көзбе-көз форматтағы саммит COVID-19 пандемиясы басталғалы алғаш рет өткелі отыр

Отырысқа Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Молдова (ЕАЭО-да бақылаушы мәртебесіне ие) премьер-министрлері қатысады деп күтілуде.

Үкімет басшылары сауда, ішкі нарықтың қызметі, бәсекелестік және өнеркәсіп мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар, күн тәртібінде ЕАЭО елдерінде коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша денсаулық сақтау саласындағы іс-шаралар жоспары бар.

Бұдан бөлек, премьерлер мемлекеттердің Жерді қашықтан зондтау негізінде ғарыш және геоақпараттық қызметтер ұсыну саласындағы ынтымақтастығы бойынша мемлекетаралық бағдарлама жобасын қарастырады.

Тағы оқыңыз: Пандемия ЕАЭО-ның дамуына кедергі келтіруі мүмкін – саясаттанушы

Сондай-ақ, саммитте ЕАЭО агроиндустриясын дамыту және Одақтың индустриализациясы талқыланады.

ЕЭК баспасөз қызметінің ақпаратынша, Одақ елдері премьерлерінің отырысынан бөлек, Беларусьте, республика басшылығымен жұмыс кездесулері өтеді.

Еуразиялық экономикалық одақ 2015 жылы құрылды. Бүгінде оған бес ел мүше: Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан.

Бақылаушы ретінде одақта Молдова бар. Бұдан бөлек, таяу арада ЕАЭО-дағы бақылаушы мәртебесін Өзбекстан алуы тиіс.

2019 жылдағы жағдай бойынша ЕАЭО әлемде калий тыңайтқыштарының өндірісі бойынша бірінші орын, ал мұнай мен газ өндіру бойынша екінші орын алады.

Кілт сөздер:
індет, ЕАЭО
Загрузка...

  • Жолдау-2020
    Последнее обновление: 20:20 14.09.2020
    20:20 14.09.2020

    Жолдау-2020: негізгі мақсат пен міндет

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың бірінші қыркүйегінде халыққа жасаған жыл сайынғы жолдауындағы басты мақсат-міндеттерді Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқи аласыздар.

    323
  • Жолдау-2020: Зейнетақы жинағын пайдалану шарттары - инфографика
    Последнее обновление: 10:01 08.09.2020
    10:01 08.09.2020

    Зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалану шарттары

    2021 жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік алып отыр. Зейнетақы қорындағы ақшаны кім, қандай мақсатқа және қалай жұмсай алатынын Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқыңыз

    624
  • 2020/2021 оқу жылындағы оқушылар демалысының күнтізбесі
    Последнее обновление: 14:00 21.08.2020
    14:00 21.08.2020

    2020-2021 оқу жылындағы демалыс күнтізбесі

    Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылындағы оқушылар демалысының уақытын белгіледі. Демалыстың күнтізбесін Sputnik Қазақстан инфографикасынан көре аласыздар

    7878
  • Коронавирустан жазылғандарға арналған 5 кеңес
    Последнее обновление: 15:00 15.08.2020
    15:00 15.08.2020

    Коронавирустан жазылғандар үшін 5 кеңес

    Sputnik Қазақстан коронавирус инфекциясынан сауыққан адамдарға арналған бес кеңес ұсынады

    689

Басты тақырып