Эксклюзив: Айгүл Иманбаева Прагада "интригаға толы" бейнеклип түсіріп келді

© Photo : instagramЭстрада әншісі, актриса, "А.И" театрының директоры Айгүл Иманбаева
Эстрада әншісі, актриса, А.И театрының директоры Айгүл Иманбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Эстрада әншісі, актриса, "А.И" театрының директоры Айгүл Иманбаева халықаралық театр күніне орай Sputniк порталына эксклюзивті сұхбат берді

АСТАНА, 28 наурыз — Sputnik, Кенжекей Тоқтамұрат. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік сыйлығының иегері Айгүл Иманбаева театрындағы жаңалықтарымен бөлісіп, еуропада түсірген бейнеклипі жайлы ақпарат берді. 

"Жаңа спектальдің дайындығына кірістік"

– Айгүл ханым, Сізді және ұжымыңызды кәсіби мерекелеріңіз – халықаралық театр күнімен құттықтаймыз! Жас болса да шетелге танылып үлгерген театрдың көрермендеріне жуырда ұсынған және енді  ұсынатын шығармалары туралы айтып берсеңіз.

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Айгүл Иманбаева Димаш туралы не ойлайтынын айтты

– Біздің театрымыз – 2011 жылы 14 ақпанда "Медея" қойылымымен шымылдығын ашқан жас театр. Осы жеті жылдың ішінде біраз қойылым дүниеге келді. Қоржынымызда бас аяғы жеті-сегіз спекталь бар. Әрине, алғашқы "Медея" спектакліміз – халықаралық конкурстарда көп жүлде алған қойылым. Ал жуырда Жана Расинаның "Федра" қойылымын ұсындық. Премьерасын 2017 жылдың жазында өткізгенбіз. Бұл қойылым да жүлделі, Қайрат Сүгірбеков атындағы форум-фестивальде екінші орын алды. Ресейдің Челябниск қаласында өткен конкурсқа қатысқан болатын, бірақ, лабороториялық  спектакльдер болған соң орын берілген жоқ. Дегенмен, театр сыншылары жақсы пікірде қалды. Алдағы сәуір айының жиырмасында Ақтөбеде халықаралық театр фестивалі ашылмақ, сол фестивальге де осы спектаклімізді апармақшымыз. 

Ал, көрермендерге енді ұсынатын дүниеміз – Дина Жұмабаеваның "Құм құрсауындағы әйел" қойылымы. Соның дайындығына кірісеміз. Көрерменге айтар тағы бір жаңалымыз – сәуірдің 17-27 аралығында "А.И" театры Батыс Қазақстан облысында болады. 

– Театрда неше адам қызмет етеді?

– Техникаға жауапты мамандар мен әртістерді қосқанда, жиырма шақты қызметкер бар. Әртістердің көбі басқа театрларда, мысалы, Алматыдағы Мұхтар Әуезов театрында, Астанадағы Қаллеки театрында жұмыс істейтін мамандар. Баса айта кетерлігі, актерларымның арасында Астанадағы "Шабыт" өнер университетінде 3-4 курста оқитын студенттер бар. Оның соңын жалғастырып келе жатқан "А.И" шеберханасының шәкірттері бар. 

Айгүл Иманбаева неге шеберхана ашты?

– Бұл шеберхана осы "А.И" театрына әртіс дайындау мақсатында ашылды ма?

– Жоқ. Әуел баста бұндай шеберхана ашамын деген ой мүлде болған жоқ. Сондықтан, Алла тағаланың маған жасаған сыйы секілді қабылдадым. Өнер университетінің ректоры Айман Қожабекқызы сабақ бер деп шақырғанда "уақытым тығыз" деп қашқанмын. Осы шеберхананы Құдай бұйыртып тұрғаны сияқты.

– Сізге сахнада эмоцияға берілген актриса болған ыңғайлы ма, әлде қатал директор болған ба?

– Шығармашылық соншалықты бір қаталдықты талап етпейді ғой. Директордың міндеті көбіне ұйымдастыру жұмыстарына қатысты. "Батырға оң-солы бір" дегендей, қандай жұмыс болсын тиянақты істеуге тырысамын. Ал, сахна ол – эмоция, ол – жүрегім, өмірім ғой… 

Қазақ көрермені әншінің жаңа бейнебаянын қалай қабылдайды?

– Эстрададағы шығармашылығыңызда қандай жаңалықтар болып жатыр?

– Жақында Прагаға барып, кеше ғана келдім. Прагада балам оқиды ғой. Бір шетінен баламды көрдім, екіншіден жаңа әнімен клип түсіріп келдім. 

– Қандай ән? Қашан шығады? Оқырмандарға да, көрермендерге де интрига бере отырсақ…

– Бейнебаян осы сәуір айының 15-і жарыққа шығады. Шоу-бизнестің стилі мен театр өнерінің стилі бөлек қой. Жалпы, екеуінің тепе-теңдігін ұстауға тырысамын. Ал, әннің аты "Senorita". Авторы – Иван Бреусов. Сөзін жазған Құрманай Бақтиярқызы. Жаңа ән. Интригаға толы бейнебаян. Қазақ көрерменге ыңғайсыздау болуы мүмкін. Бірақ, мен оның бәрін өнер деп қабылдаймын. 

– Яғни, бұл сіздің эстрададағы бір экспериментіңіз деуге болады ғой? 

– Эксперимент бар. Қырыққа келгенде бірінші рет экспериментке бардым.

– Еуропада клип түсірудің айырмашылығы бар ма екен?

– Айтарлықтай айырмашылық жоқ. Тек, жат ел болғаннан соң ба, ыңғайсыз екен. Бірақ, түсірдік. Клип сәуірдің 15-і экранға шығады деп жоспарлап отырмыз. Арнайы тұсаукесерін жасай алмайтын шығармын, өйткені, айтқанымдай, театрыммен гастрольге кетемін. Телеарналарда шығады деп күтіп отырмын. 

– Сұхбатыңызға рақмет.  


Жаңалықтар
0