14:07 16 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD383.43
  • EUR432.47
  • RUB6.12
Сұхбат

"Сатып кеттің": Дулат Исабеков Сейдімбекке жазған хаты мен анасының жұмбақ өлімі жайлы

Қысқа сілтеме алу
548450
© Sputnik .

Жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабеков Sputnik Қазақстанның "Әңгімең жарасса" жобасына сұхбат берді.

Әңгіме барысында жазушы ақпан айының басында Астана қаласында болған алапат өртке қатысты пікірін ортаға салып, "бес баланың тірідей жанып кетуі мен үшін ұлттық трагедия" деді. Оның айтуынша, осы күндері қоғамда көтеріліп жатқан көп балалы аналарды баспанамен қамту мәселесін шешу кезек күттірмейтін іс. Жазушы бүгінгі биліктің кемшін тұстарын сынап,  мемлекеттік басқару ісіне кәсіпкерлердің араласуына қарсы екенін білдірді. 

"Жалпы біздің мемлекетімізде елдің, ұлттың мүдесін ойлайтын шенеуіктер жылдан-жылға азайып бара жатыр. Бизнесмендерді жақсы көремін, бизнес жақсы, әрине. Бірақ оларды еш уақытта мемлекеттік қызметке әкелуге болмайды. Мен оған үзілді-кесілді қарсымын. Қазір облыс әкімдері орынбасарларының көбісі бизнесмендер болып барады. Олар өзінің бизнесін ғана ойлайды, айналайындар", - дейді Дулат Исабеков.

Бұдан бөлек, жазушы Жұмабаевтың атылуына өзіміз жол бердік деген ащы шындықты алға тартты. Сондықтан өмірден өтіп кеткен кейбір тұлғалардың пендешілігін болашақ ұрпақтан жасырмауымыз керек дейді. Бүгінде Дулат Исабековты толғандыратын мәселенің бірі  - қазақ әдебиетінің болашағы.

"Көздерін тырнап ашқаннан бастап телефоннан, интернеттен көз алмайтын адамдардың басын қалай көтеріп, қайтып ойландыруға болады? Ол үшін не жазу керек, қандай шығарма жазу керек? Порнография ма, әлде саяси өсек пе?  Детектив пе? Әлде мистика ма?", - деп бөлісті өзін толғандырып жүрген мәселемен. 

Әңгіме барысында Дулат Исабеков анасының жұмбақ өлімі жайында алғаш рет сөз қозғады. Ол анасының денесін суытпай жер қойнына тапсырған молдалардың ісіне қайран қалады.  

"Апай-топай түске шейін апарып жерлеп келдік қой. Кейін ол талықсып жатқан кезі болды ма деп ойладым. Пештің түбі ыстық болды ма? Ағама да, әпкеме де "Осы біз анамызды тірі көмбедік пе" деп айттым. "Қойшы, айтпашы ондайды" дейді. Олардың да ойында болған секілді", - деді ол.

Ал, отбасы - ошақ қасына қатысты әңгімесінде балаларының болашағы үшін алаңдап, екінші рет үйлену туралы ойламағанын айтты. Десе де, әдемілікке жаны құмар, осы жаста да сұлулықтың сырын бір кісідей-ақ білетінін жасырмады.   

Жазушы Дулат Исабековпен сұхбаттың толық нұсқасын видеодан көре аласыздар.

Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға болмайды!

Тақырып бойынша

Мағжан Жұмабаев туралы не білеміз?
Мырзан Кенжебай: Абайды бүкіл ұлттың бас ақыны деу әрі күнә, әрі надандық
Белгілі жазушы Рахымжан Отарбаев дүниеден озды
Кенжебай: Кеңес заманында да қазақ тілі дәл бүгінгідей сорлаған жоқ
Ақынның әйелі не үшін өкінді: Мұқағали Мақатаев туралы қызықты деректер
Кілт сөздер:
жазушы, сұхбат, Дулат Исабеков
Загрузка...

Басты тақырып