07:48 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Сұхбат
Қысқа сілтеме алу
2413 0 0

Белгілі актер Мұқағали Мақатаев, Асанәлі Әшімовтің рөлін сомдағанда неден қорыққанын айтып берді

АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik, Айгерім Таубай. Ғабит Мүсірепов атындағы театрдың актері, "Серпер" жастар сыйлығының иегері Әсет Иманғалиев Sputnik Қазақстан тілшісіне отандық кино саласы, режиссерлердің жұмысы, шығармашылығы жайлы айтты.

"Маскүнемнің рөлін ұсынады"

"Әке аманаты" сериалының түсірілімі аяқталды, қазір көрсетіліп жатыр. "Гаухар" сериалында басты рөлдің бірін сомдадым. Қазір сериал да, фильм де көп түсірілуде. Бәсеке болу үшін ол керек те шығар. Ал өзім соңғы үш жылда сериалға түсуден бас тартып жүрдім. Себебі маған ұсынылған рөл бір-біріне ұқсап кетті", - дейді актер.

Актерге әдетте жағымсыз кейіпкердің рөлін ұсынады екен. Бірде әкесін қарттар үйіне тастап кеткен баланың рөлі, енді бірде маскүнемді сомдау керек.

"Түрім сұсты болған соң шығар, маған үнемі жағымсыз кейіпкерді ұсынады. Қатал әке, маскүнемнің рөлі де бар. Бір режиссер "Қарттар үйі" деген сценариймен келді, оны маған арнап жазған екен. Ол жерде әкесін қарттар үйіне өткізетін қатыгез адамның рөлін берді. Маған арнап жазылғанына қарамастан, бас тарттым", - дейді Әсет Иманғалиев.

Актер он үш жылдан бері Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында сабақ береді. Ол жайлы бастапқы сегіз жылда ешкімге айтпаған.

"Сегіз жылдай ешкімге сабақ беретінім жайлы айтпадым. Қазір 13 жыл болды. "Сахна тілі" пәнінен сабақ беремін. Ол кезде өзім де оқушы сияқтымын. Бір белесті алмай жатып, не сабақ беріп жүрмін деген сұрақ қойдым. Ал қазір сол кезде алдымнан өткен шәкірттердің біразы елге танымал актер болып жүр", - дейді Иманғалиев.

"Сақал-мұртын ауыстырып, ойната береді"

Актердің айтуынша, әр режиссердің өз командасы бар. Олар жаңа актер іздеудің орнына, бір адамды айналдырып ойната береді.

"Әр режиссер өз командасымен жүреді. Бір режиссер актерлердің сақал-мұртын, киімдерін ауыстырып ойната береді. Бір режиссер жаңалық іздейді. Бізде біріншісі белең алып тұр. Бір режиссердің жұмысын қарасаң, ылғи бір актер, бір құрам ойнайды. Жылына жүзден көп студент актер мамандығын бітіріп шығады. Олар экранға шықпаса, жаңа леп келмесе, несіне оқып жатыр? Оларды барахолкаға жіберіп жатырмыз ба? Қайда олар?", - дейді Иманғалиев.

Екі жыл бұрын қырғыз фильмінде басты рөлді сомдаған актер ол жақтың режиссерлерінің жұмысы жайлы айтып берді. Айтуынша, олар басты рөлді сомдайтын актерді бір жыл бойы іздеген, соңында Алматыға келіп, Иманғалиевті тапқан.

Актер Әсет Иманғалиев
© Sputnik / Тимур Батыршин
Актер Әсет Иманғалиев

"Сүлеймен тауы" деген қырғыз фильмінде ойнадым. Режиссері бір жыл бойы басты кейіпкерді іздеген. Ешкім көңілінен шықпаған соң, Алматыға келіпті. Ол кезде мен Қапшағайда түсірілімде жүрдім. Менің суретімді көріп, кездескісі келетін айтыпты. Хабарласып, сенбіде 10 минутқа қалаға бара алатынымды айттым. Олар да сол уәделескен уақытта келді. Бірнеше күннен соң осы рөлге бекітілгенімді айтты", - дейді ол.

Түсірілім екі жарым ай Қырғызстанның Ош қаласында өткен. Фильм он жеті номинация бойынша марапат алды.

"Алдымен Бішкек қаласына бардым. Ол жақта бұрын бекітілген басты рөлдегі қызды маған лайықтап қайта ауыстырды. Ал түсірілім Ош қаласында өтті. Қырғыз тілінде ойнадым. Біздің тілімізге жақын болған соң ба, қиындық көрген жоқпын. Фильм 17 номинация алды. Ресейде "Московская премьера" деген фестиваль өтті. Сол жерге ең көп номинация алған екі фильмнің ұжымын шақырды. Бірі мен ойнаған "Сүлеймен тауы", екіншісі Самал Еслямова түскен "Айка" фильмі" ұжымы", - деді ол.

Актердің қорқынышы

Театрда Әсет Иманғалиев Ақан Сері, Мұқағали Мақатаев, Асанәлі Әшімовтің рөлін сомдап жүр. Енді Бекежан, Қодардың рөлін сомдасам дейді.

"Мұқағали Мақатаевтың рөлі берілгені де қызық болды. Басында келіспедім. Себебі түрім мүлде ұқсамайды. Театрда портретін алып шығу шарт емес. Бір апта келіспей жүрдім. Режиссер менің өлең оқитыныма қызыққан болу керек. Спектакльдің тұсауын кескен кезде қорқыныш болды. Маған Мұқағалидің портретін жасады, қойылымның басталуына жарты сағат қалғанда таудай болып Мұқағали ағамыздың ұлы келе жатыр. Жазушылар одағынан небір азамат келді. Ол кісілердің алдында Мұқағалиды ойнау мен үшін қиын сәт болды", - дейді актер.

Тағы оқыңыз: Хасанғалиевтің әніне неге тыйым салынды:сексенге толған әнші жайлы қызық деректер

Дәл осындай қорқыныш Асанәлі Әшімовтің рөлін сомдаған кезде қайталанған екен. Себебі көзі тірі адамның рөлін сомдау қиынның қиыны дейді актер.

"Асанәлі Әшімовтің рөлін сомдаған кез де қиын болды. Ол кісінің көзі тірі, өзі бар ғой. Актерге ойдан шығарған кейіпкерді ойнау өмірде болған адамның рөлін сомдағаннан оңай. Өмірде бар адамды ойнаған одан екі есе қиын. Асанәлі аға менің сомдайтынымды білмеді. Ағаны сыртынан аңдып жүрдім. Ол кісі мені байқаған жоқ. Енді Бекежанның рөлін ойнағым келеді. Қозы Көрпеште Қодардың рөлін сомдасам деймін. Қозыны, Кебекті, Төлегенді бәрі ойнағысы келеді. Бекежанды да ойнайтын адам керек қой", - дейді актер.

Тақырып бойынша

Жазушы Бексұлтан Нұржекеұлымен сұхбат: "Назарбаевтың айтқаны болмады"
Аян Өтепбергенмен сұхбат: актер неге өкінетіні, кемшілігі және отбасы туралы айтты
Лидия Кәден: 37 жасымда тұрмыс құрдым, жақсылықтың ерте-кеші жоқ
Қытай туралы қауесетті кім таратады – Қытай елшісі ашық сұхбат берді
Ескендір Хасанғалиевпен сұхбат: өнерге қалай келгені, әндері және отбасы жайлы
Кілт сөздер:
сұхбат, Асанәлі Әшімов
Загрузка...

Басты тақырып